
Кафедралар
Психология кафедрасы 2020 жылдың тамыз айында құрылған.
Кафедра меңгерушісі – психология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Мамбеталина Алия Сактагановна.
Кафедра келесі білім беру бағдарламалары бойынша түлектер дайындайды:
Бакалавриат: 6B03103 – Психология
Магистратура:
7M03103 - Психология
7M03110 – Дағдарыс психологиясы
7M03113 – Клиникалық психология
Докторантура: 8D03103 – Психология
Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасы 2009 жылдың 26 ақпанында құрылған.
Кафедра меңгерушісі – фил.ғ.к., қауымдастырылған профессор Әшірбекова Гүлмира Шайтмағанбетқызы.
Кафедра келесі білім беру бағдарламалары бойынша мамандар даярлайды:
Бакалавриат:
-
6B03205 – Цифрлық медианы басқару
-
6В03214 – Қоғаммен байланыс
-
6В03206 – Спорт журналистикасы
Магистратура:
-
7М03214 – Қоғаммен байланыс
Докторантура:
-
8D03214 – Қоғаммен байланыс
Баспасөз және баспа ісі кафедрасы 1998 жылы құрылған. Оның ұйымдастырылуына ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ақселеу Сланұлы СейдіҚмбек үлкен үлес қосты.
Кафедраны PhD докторы Шурентаев Амангелді Мейрамұлы басқарады.
Кафедра мына салалар бойынша:
- газеттер мен журналдардың тілшілерін;
- ақпарат агенттіктері мамандарын;
- БАҚ әдеби қызметкерлерін;
- БАҚ редакторларын;
- мерзімді басылымдардың техникалық редакторларын;
- жарнама агенттерін;
- кітап ісінің менеджерлерін даярлайды.
Философия кафедрасы – әлеуметтік ғылымдар факультеті құрамында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті негізі қаланған уақыттан бері қызмет атқарып келеді.
1996 жылы әлеуметтік пәндер кафедрасы болып ашылып, кейін кафедра құрамынан саясаттану, әлеуметтану, дінтану мамандықтары өз алдына жеке кафедра болып бөлінді.
Кафедраны PhD докторы философия ғылымдарының докторы Шакиров Сымбат Еркебаевич басқарады
- Кафедра Журналистика және әлеуметтік ғылымдар факультетінің құрамына кіреді.
- Білім беру бағдарламалары: Мамандарды даярлау үш деңгейде жүргізіледі: бакалавриат (6B02201), магистратура және PhD докторантура (8D02201).
- Ғылыми жұмыс: Кафедра негізінде философия бойынша докторлық диссертацияларды қорғауға арналған Диссертациялық кеңес жұмыс істейді.
- Халықаралық ынтымақтастық: Шетелдік жоғары оқу орындарымен академиялық ұтқырлық және бірлескен зерттеулер бойынша белсенді жұмыс жүргізіледі
Қазіргі таңда философия кафедрасы «Философия» және «Мәдениеттану» мамандықтары бойынша оқу-тәрбие, ғылыми бағыттағы қызметтер атқарады.
Әлеуметтану кафедрасы – «Әлеуметтану» және «Әлеуметтік жұмыс» білім беру бағдарламалары бойынша мамандарды даярлауды жүзеге асырады.
Дінтану кафедрасы. 2012 жылы құрылған Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Дінтану кафедрасы тарихи және қазіргі контексте діни құбылыстарды зерттеумен және талдаумен айналысатын бірегей ғылыми-білім беру орталығы болып табылады. Кафедра құрылған сәттен бастап жоғары білімнің барлық үш деңгейінде: бакалавриат, магистратура және PhD докторантурада білім беру бағдарламаларын ұсына отырып, белсенді дамып келеді.
Білім беру бағдарламалары
Дінтану кафедрасында келесі білім беру бағдарламалары жүзеге асырылады:
Бакалавриат: 6В02206 Дінтану
Магистратура: 7М02206 Дінтану және 7М02206-Дін психологиясы
Докторантура: 8D02206 Дінтану
2023 жылы кафедра алғаш рет студенттерді психология кафедрасымен бірлесіп әзірленген "Дін психологиясы" жаңа пәнаралық бағдарламасына қабылдады, бұл кафедраны дамытудағы және бірегей білім беру мүмкіндіктерін ұсынудағы маңызды қадам болды.