
Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасы 2009 жылдың 29 ақпанында университеттің Ғылыми кеңесінің шешімімен ашылды. Негізгі мақсаты – телевизия, радио мен PR қызметіне қажетті мамандарды даярлау. Қазіргі уақытта Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасы білім беру бағдарламаларын үш деңгейде дайындайды:
Бакалавриат:
-
6B03205 – Цифрлық медианы басқару
-
6В03214 – Қоғаммен байланыс
-
6В03206 – Спорт журналистикасы
Магистратура:
-
7М03214 – Қоғаммен байланыс
Докторантура:
-
8D03214 – Қоғаммен байланыс
Оқытылатын пәндер негізінен телерадио хабарларын әзірлеуге, олардың тілі мен стилін меңгеруге, телемәтіннің ерекшеліктерін тануға, сценарий жазудың үлгілерін игеруге, интернет-журналистика мен жаңалықтар қызметін ұйымдастыру ісіне машықтандыруға, PR бағдарламалық жобаларын жасауға, БАҚ жұмыстарын жүйелеуге, белгілі бір ұйымның имиджін қалыптастыру секілді көптеген кәсіби машықтарға бейімдейді.
Кафедраның ПОҚ құрамы 27 бірлік штатты құрайды, 21 адам штатта, 4 адам ішкі және 2 сыртқы оқытушылар. Оның ішінде 3 ғылым докторы, 5 профессор, 8 ғылым кандидаты, 2 PhD доктор, 17 магистр бар.
Кафедраның қалыптасу жолында елімізге белгілі ғалымдар мен білікті мамандар — Еуразия телевизия академиясының академигі, профессор Ғ.М. Шалахметов, филология ғылымдарының кандидаты, профессор Оңайгүл Ізтұрғанқызы Тұржан, филология ғылымдарының кандидаты, профессор Аязби Ақбергенұлы Бейсенқұлов, PhD, профессор Индира Садыбекқызы Рыстина, сондай-ақ филология ғылымдарының кандидаты, доцент Серікзат Мақсұтұлы Дүйсенғазы және PhD, доцент Дана Өмірбекқызы Байгожина түрлі жылдары жетекшілік етті. 2024 жылдың қыркүйегінен бастап кафедра тізгінін филология ғылымдарының кандидаты, профессор Гүлмира Шайтмағанбетқызы Әшірбекова қолға алып, абыроймен басқарып келеді.
Білім бағдарламасын халықаралық деңгейде жүзеге асыру мақсатында шетелдік білікті профессорлар шақырылады. Солардың қатарында Әбдіуақап Қара (Мимар Синан университеті (Туркия), Хон Вон Сон (Русистика университеті, Оңтүстік Корея), Айдемир Окай (Стамбул университеті, Туркия), Лебедева Татьяна Юрьевна (Европалық паблик рилейшнз институты, IEERP, Париж, Франция), Максутова Бегайым Борукуловна (Жүсіп Баласағын атындағы Қырғыз ұлттық университеті, Қырғызстан), Токсоналиева Роза Мусурапшаевна (Жүсіп Баласағын атындағы Қырғыз ұлттық университеті, Қырғызстан), Фарахшина Ольга Минирахмановна (Ростов мемлекеттік экономикалық университеті, Ресей), Клеменова Елена Николаевна (Ростов мемлекеттік экономикалық университеті, Ресей) және т. б. бар.
Кафедраның қызметі туралы есеп 2020-2021
Кафедраның қызметі туралы есеп 2021-2022
Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының кәсіптік бағдар беру бағытындағы жұмысы
Мектеп оқушылары мен олардың ата-аналарын білім бағдарламалармен таныстыру мақсатында Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасы жыл сайын ашық есік күндері ұйымдастырады.
Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының кәсіптік бағдар беру бағыты бойынша 2022 жылға арналған жұмыс жоспары
Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының кәсіптік бағдар беру бағыты бойынша 2021 жылға арналған жұмыс жоспары
Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасы бойынша 2019-2020 оқу жылында кәсіпке бағдар бағытында жүргізілген жұмыс жоспары
Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасы бойынша 2018-2019 оқу жылында кәсіпке бағдар бағытында жүргізілген жұмыс жоспары
2019-2020 оқу жылында өткізілген кәсіпке бағдар беру туралы
Кәсіпке бағдар беру бағытындағы жұмыс есебі 2019-2020 жж.
2019-2020 оқу жылының 1-ші семестрінде кәсіпке бағдар беру бағытында атқарылған жұмыстың есебі
2019-2020 оқу жылының 1-ші жартыжылдығында кәсіпке бағдар беру бағытында атқарылған жұмыстың есебі




