
ЖЕТІСТІКТЕР
«Атамекен» ҰКП рейтингісінің 2026 жылғы қорытындысы бойынша Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың 42 бакалавриат білім беру бағдарламасы үздік үштікке енді. Оның ішінде 6B03214 Қоғаммен байланыс — 2 орын
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 7М03214 Қоғаммен байланыс магистрлік білім беру бағдарламасы сапаны қамтамасыз етудің халықаралық стандарттарына сәйкес келетінін дәлелдеп, «ARQA» аккредиттеу және білім беру сапасын сараптау тәуелсіз агенттігінен 5 жыл мерзімге (26.06.2024 – 25.06.2029) ресми аккредиттеуден өтті. Бұл жетістік бағдарламаның жоғары академиялық деңгейін, оқыту мазмұнының заманауи талаптарға сай екендігін және түлектердің еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін айғақтайтын маңызды сапа белгісі болып табылады
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 6B03205 Цифрлық медианы басқару бакалавриат бағдарламасы Қазақстанның Заманауи (Элиталық) Білім Ассоциациясы (KAZSEE) тарапынан ресми аккредиттеуден өтті. 2022 жылдың 30 маусымынан 2027 жылдың 29 маусымына дейін жарамды бұл сертификат (№ 2022 КЕ 0557) білім беру бағдарламасының заманауи цифрлық индустрия талаптарына толық сәйкестігін және мамандар даярлаудағы жоғары сапасын растайды.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 6B03205 Цифрлық медианы басқару бакалавриат бағдарламасы Қазақстанның Заманауи (Элиталық) Білім Ассоциациясы (KAZSEE) тарапынан ресми аккредиттеуден өтті. 2022 жылдың 30 маусымынан 2027 жылдың 29 маусымына дейін жарамды бұл сертификат (№ 2022 КЕ 0557) білім беру бағдарламасының заманауи цифрлық индустрия талаптарына толық сәйкестігін және мамандар даярлаудағы жоғары сапасын растайды.c2a61dbb-9ebc-4e0f-a21f-91f5e73fb0f3
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің6B03214 Қоғаммен байланысбакалавриат бағдарламасы Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігі (IAAR) тарапынан 5 жыл мерзімге (27.05.2021 – 26.05.2026) халықаралық мамандандырылған аккредиттеуден сәтті өтті. EQAR тізіліміне енген және ENQA мүшесі болып табылатын беделді агенттік берген бұл куәлік (№ AB 3348) білім беру бағдарламасының еуропалық сапа стандарттарына толық сәйкестігін және түлектердің халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін айғақтайды.

«Атамекен» ҰКП өткізген 2023 жылғы рейтинг қорытындысы бойынша, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 6B03214 Қоғаммен байланыс білім беру бағдарламасы жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі III орынды иеленді. Осы жетістікке байланысты университет басшылығы білім сапасын қамтамасыз етуге атсалысқан жауапты мамандарды арнайы алғыс хатпен марапаттады. Бұл көрсеткіш оқу орнындағы даярланған бағдарламаның еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігі мен жоғары деңгейін айқындап берді.
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім беру бағдарламаларына жүргізілген рейтинг қорытындысын нәтижесінде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 6B03214 Қоғаммен байланыс білім беру бағдарламасы 2023 жылғы көрсеткіштер бойынша үздіктер қатарынан көрініп, жүлделі 3-орынды иеленгені ресми түрде сертификатпен расталды. Бұл сертификат білім беру бағдарламасының сапасы мен жұмыс берушілер тарапынан жоғары сұранысқа ие екенін айғақтайды.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 6B03214 Қоғаммен байланыс білім беру бағдарламасы «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өткізген рейтинг қорытындысы бойынша 1-орынға ие болды. Аталған жетістік 2022 жылғы білім беру бағдарламаларының сапасын бағалау нәтижесінде ресми түрде сертификатпен расталды. Бұл көрсеткіш университеттің еңбек нарығындағы жоғары бәсекеге қабілеттілігін және мамандар даярлаудағы көшбасшылық орнын айқындайды

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 6B03214 – «Қоғаммен байланыс білім беру бағдарламасы «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жүргізген рейтинг қорытындысы бойынша 1-орынды иеленді. Бұл жетістік 2021 жылғы білім беру бағдарламаларының сапасын бағалау нәтижесімен сертификатпен расталған. Аталған рейтинг нәтижесі университеттегі білім беру деңгейінің жоғары сапасын және түлектердің еңбек нарығындағы сұранысқа ие екендігін айқын көрсетеді.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Е.Б. Сыдықов «Телерадио және қоғаммен байланыс» кафедрасының ұжымына ресми Алғыс хат жариялады. Бұл марапат «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жүргізген рейтинг қорытындысы бойынша 6B03214 – «Қоғаммен байланыс 6B03214 Қоғаммен байланыс білім беру бағдарламасының үш жыл қатарынан үздік нәтиже көрсетіп, 1-орынды иеленгені үшін берілді. Ректордың бұл жоғары бағасы білім беру бағдарламасының сапасын, оқу орнындағы мамандар даярлау деңгейінің халықаралық стандарттарға сай екендігін және түлектердің еңбек нарығында, әсіресе жұмыс берушілер тарапынан жоғары сұранысқа ие екендігін кезекті рет айғақтады. Кафедра ұжымының жүйелі жұмысы мен білім сапасын қамтамасыз етудегі қадамдары университеттің беделін республикалық деңгейде нығайта түсті.

«Болашақ» халықаралық бағдарламасы аясында Медиакоммуникация және қоғаммен байланыс кафедрасының аға оқытушысы Айбарша Жақсылық Германияның Бремен қаласындағы беделді Constructor University (бұрынғы Jacobs University) университетінде ғылыми тағылымдамасын сәтті аяқтады. Тағылымдаманың негізгі бағыттары: Ғылыми зерттеу жұмыстары 2024 жылдың 20 қыркүйегі мен 2025 жылдың 30 тамызы аралығында келесі салалар бойынша жүргізілді: Медиа технологиялар және цифрлық медиа; Сервистік платформаларды дамыту; Визуалды контент дизайны. Оқу бағдарламасының мазмұны: Бағдарлама барысында оқытушы бірнеше маңызды модульдерді меңгеріп, сертификат иеленді. Олардың қатарында: Академиялық оқу және жазу, зерттеу әдіснамасы; Деректерді талдау (Data Analysis) және зерттеу құралдары; Инновациялық менеджмент және кәсіпкерлік; Көшбасшылық және стратегиялық менеджмент; Академиялық қолжазбаларды дайындау бойынша жеке кураторлық бақылау. Бұл халықаралық тәжірибе кафедраның ғылыми әлеуетін арттыруға және оқу процесіне заманауи еуропалық медиа стандарттарды енгізуге септігін тигізеді.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультеті, Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасына қарасты "Қоғаммен байланыс" (PR) білім бағдарламасы "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының рейтингі бойынша республикадағы жоғары оқу орындары арасында бірінші орын алып, Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Бәтташұлы Сыдықовтың "Алғыс хаты" табысталды. "Үздік ББ -2021"
ЕҰУ командасы мен ТРжҚБ кафедрасының студенті 2022 жылдың 22-25 наурызы аралығында өткен «Жооғазын» ұлттық жарнама және PR фестивалінің жеңімпазы атанды. Бішкек қаласы
Білім және ғылым министрі Асхат Қанатұлы «ЖОО үздік оқытушысы – 2020» атағының иегері атанған, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультеті, Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының профессоры Есенбекова Ұлбосын Мейірбекқызын құттықтады.
Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының меңгерушісі, доцент Дүйсенғазы Серікзат Мақсұтұлының отыз жылдай айтыс сахнасындағы, жиырма жылдай ғылыми-педагогикалық бағыттағы еңбегі мемлекет тарапынан ескеріліп, "Құрмет" орденімен марапатталды.
Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының аға оқытушысы Байғожина Дана Өнірбекқызы білім беру саласының үздігі атанды
Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының аға оқытушысы Байғожина Дана Өнірбекқызы Ғылым қызметкерлері күні мерекесіне орай университет ғылымын дамытуға қосқан үлесі үшін басқарма төрағасы-ректор Е.Б.Сыдықовтың құрмет грамотасымен марапатталды
Телерадио және қоғаммен кафедрасының аға оқытушысы Меруерт Құмарова, "Qazaqstan" РТРК" АҚ" Маңғыстау облыстық филиалының "Mangystay телеарнасына 50 жыл" Мерейтойлық төсбелгісімен мапаратталды.
Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының меңгерушісі, к.ф.н, доцент Дүйсенғазы Серікзат Мақсұтұлы Жазушылар одағының мүшесі атанды.
Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты, ақын, жазушы Тұржан Оңайгүл Ізтұрғанқызы Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың "Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Қазақстан халқына арналған жолдауын білім беру ұйымдарының педагогтары мен білім алушылары арасында кеңінен насихаттау мақсатында "Дарынды оқушылардың қабілетін айқындау, дамыту" жобасы аясында өткен "Қазақстанның құрметті академигі-2020" атты республикалық байқауда жеңімпаз атанып, бірінші дәрежелі дипломмен марапатталды.
Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының меңгерушісі, доцент Дүйсенғазы Серікзат Мақсұтұлы Халықаралық «Абай» атындағы мәдениет пен өнерді қолдау қорының, қоғамдық кеңесінің шешімімен Ұлттық руханиятқа сіңірген айырықша еңбегі үшін «Абай» мерейтойлық медалімен марапатталды.
Телерадио және қоғаммен байланыс кафедраның аға оқытушысы Пернебекова Айжан Пернекбекқызы "Қазақстанның мәртебелі педагогі-2020" атты республикалық байқауда жеңімпаз атанып, бірінші дәрежелі дипломды иеленді.
Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының меңгерушісі, доцент Дүйсенғазы Серікзат Мақсұтұлы «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.
Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының аға оқытушы Қошанова Күлнәш Әжібекқызы "Қазақстанның еңбек сіңірген педагогі-2020" атты республикалық байқауда жеңімпаз атанып, бірінші дәрежелі дипломға лайық деп танылды.
Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының меңгерушісі, доцент Дүйсенғазы Серікзат Мақсұтұлы «Астана 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.
Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының доценті Ибраева Эльмира Ерікқызы, Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың "Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты республикалық байқауы нәтижесінде Қазақстанның еңбек сіңірген педагогі атанып, бірінші дәрежелі дипломмен марапатталды.
Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Дүйсенғазы Серікзат Мақсұтұлы Отандық мәдениет пен білімді дамытуға атсалысып, қазақтың айтыс өнеріне қосқан айырықша үлесі үшін «Лев Гумилев» медалімен марапатталды.
Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының оқытушысы Ардақ Мүтәрбек Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың алғысын алды. "Құрметті Мүтәрбек Ардақ! Дүние жүзін әбігерге салған коронавирус пандемиясына қарсы күрес мақсатымен жүзеге асырылған "Біз біргеміз!" жалпыұлттық акциясы аясында "Nur Otan" партиясымен бірге халыққа қолдау көрсетуге волонтер ретінде белсене атсалысқаныңыз үшін Сізге зор алғысымды білдіремін. Сіздің жанқияр жанашырлығыңызды Отанымызға деген сүйіпеншілігіңіз бен биік азаматтық ұстанымыңыздың көрінісі деп қабылдаймын. Өзіңізге және туған-туыстарыңыз бен жақындарыңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін. Еліміз аман, тәуелсіздігіміз баянды болсын!" делінген алғыс хатта.
Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Дүйсенғазы Серікзат Мақсұтұлы «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.
Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының доценті Ибраева Эльмира Ерікқызы Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауында белсенділік танытып, "Nur Otan" партиясының айқын басымдықпен жеңіске жетуіне қосқан үлесі үшін Елбасының алғысын алды.
Журналистика және саясаттану факультетінің 2-ші курс студенті Алия Түгелбай Республикалық «Энергия – өмір көзі» атты байқауда жүлделі орынға ие болды. Жетекшісі Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының аға оқытушысы Сабыр Әбдіқадыр Біләлұлы
Журналистика және саясаттану факультетінің түлегі, "Эфирде 102 FM" хабарының тізгіншісі, дарынды журналист Орынгүл Қалмырза "Үркер" ұлттық сыйлығына ие болды. Диплом жетекшісі Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының аға оқытушысы Айжан Пернебекқызы болған еді.
Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Дүйсенғазы Серікзат Мақсұтұлы Мәдениет саласының үздігі атанды, Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 29 қарашадағы Жарлығы бойынша «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25» жыл мерекелік медалімен наградталды, Ыбырай Алтынсарин белгісімен марапатталды, Жаратылыстану бүкілресейлік академиясының Президиумымен Білім және Ғылым саласының құрметті еңбеккері атанды.
Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының доценті, к.ф.н Иманғалиев Бауыржан Сәбитұлы Мәдениет саласының үздігі атанды
Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының доценті, к.ф.н Иманғалиев Бауыржан Сәбитұлы Қазақстан Педагогикалық Академиясының корреспондент мүшесі атанды
Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының доценті, к.ф.н Иманғалиев Бауыржан Сәбитұлы Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының шешімі бойынша Республикалық Тәуелсіз Қоғамдық байқаудың жеңімпазы ретінде "Үздік ұстаз" төсбелгісімен марапатталды.
Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының доценті, к.ф.н Иманғалиев Бауыржан Сәбитұлы "Темірбек Жүргеновтың 120 жылдығы" мерейтойлық медалімен марапатталды
Доцент, филология ғылымдарының кандидаты, ақын, жазушы Тұржан Оңайгүл Ізтұрғанқызы - Т.Айбергенов атындағы сыйлықтың иегері; Республикалық поэтикалық конкурстың лауреаты, «Гумилев медалінің» иегері, Махамбет атындағы Республикалық әдеби сыйлықтың лауреаты.
Доцент Ибраева Эльмира Ерікқызының ғылыми жетістіктері: - 1 монографияның авторы; - «Алаш көсемсөзі» атты 4 томдық ғылыми жинақтың құрастырушыларының бірі; - 1 ұжымдық монографияның соавторы; - 2 прозалық жинақтың авторы, "Қазақстанның еңбек сіңірген педагогі – 2020» І-дәрежелі диплом иегері, 2005 жылдан Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Аға оқытушы Гүлнұр Омарханқызы - «Қазақстан» ТРК-ның «Құрмет» грамотасымен, Қазақстан Журналистер Одағының «Алтын жұлдыз» байқауының дипломымен, ҚР Парламенті Сенатының «Алғыс хатымен», Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесінің шешімімен «Баспасөз және ақпаратты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» ТМД Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесінің Құрмет белгісімен, ҚР Парламенті Мәжілісінің «Парламент сөзі» сыйлығымен және ҚР Парламенті Сенатының «Алғыс хатымен», ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық байқауының «Үздік радиобағдарлама»номинациясы бойынша I орын иегері Дипломымен марапатталды.

