
Құрметті сайт қонақтары!
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Журналистика және әлеуметтік ғылымдар жоғары мектебі сайтына қош келдіңіздер!
Факультет болып құрылғалы бері өткен он жылдан астам уақыт аралығында біз журналистика, қоғаммен байланыс, баспа ісі, сондай-ақ әлеуметтану, психология, дінтану, философия және мәдениеттану салаларында мамандар даярлаудың іргелі орталығына айналдық деп сеніммен айта аламыз.
Оқу үрдісінде журналистика және әлеуметтік ғылымдардың ғасырлар бойы қалыптасқан бай дәстүрі сақтала отырып, заман талабына сай озық технологиялар: теле-радиостудиялар, арнайы аудиториялар мен соңғы үлгідегі оқу-әдістемелік кешендері пайдаланылады.
Сайтымызда біздің жоғары мектебіміз туралы барлық қажетті ақпаратты таба аласыз деп үміттенеміз. Бұған дейін «Журналистика және әлеуметтік ғылымдар факультеті» аталған құрылым бүгінде заманауи мәртебеге ие болып, Журналистика және әлеуметтік ғылымдар жоғары мектебі деп аталады.

