
ПРАКТИКА ЖӘНЕ ЕҢБЕКПЕН ҚАМТУ
Медиакоммуникация және қоғаммен байланыс кафедрасы — заманауи медиа-трендтер мен классикалық академиялық білімді ұштастырған іргелі ғылыми-білім беру құрылымы. Кафедра ұжымы білім алушылардың тек теориялық білім жинақтап қана қоймай, нақты кәсіби ортада бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасуына барлық қажетті жағдайларды жасап келеді. Кафедраның білім алушылары жыл сайын еліміздің жетекші медиа-холдингтері мен беделді компанияларында өндірістік практикадан өтіп, өздерінің кәсіби дағдыларын шыңдайды. Сонымен қатар, кафедраның тікелей әдістемелік жетекшілігімен ұйымдастырылатын зерттеу, педагогикалық және дипломалды практикалар барысында білім алушылар академиялық білімдерін ғылыми және кәсіби ортада сәтті ұштастыруда. Аттестаттау комиссиясының мүшелері білім алушылардың дайындық деңгейі мен орындалған жұмыстардың сапасын жыл сайын жоғары бағалап келеді. Бұл — білім беру бағдарламаларының өзектілігі мен кафедраның практикалық бағдарланған оқыту жүйесінің тиімділігі мен нәтижелілігінің айқын көрінісі. Кафедра түлектері жаһандық медиа кеңістігіне қадам басып, өздерінің кәсіби біліктіліктері мен жоғары әлеуетін халықаралық деңгейде дәлелдейтін бәсекеге қабілетті мамандар. Олар — жаңа заманның медиа стандарттарын қалыптастыруға және саланың дамуына үлес қосуға қауқарлы кәсіби мамандар шоғыры.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 30 жылдық мерейтойы аясында өткен «Үздік практика базасы – 2026» байқауының қорытындысы Медиакоммуникация және қоғаммен байланыс кафедрасының жоғары кәсіби деңгейін тағы бір мәрте айқындады. Бұл жетістіктің негізінде көпжылдық жүйелі еңбек пен білікті педагогтардың тәжірибесі жатыр. Атап айтқанда, кафедраның аға оқытушысы Айбарша Жақсылыққызының студенттердің өндірістік практикасын ұйымдастырудағы қажырлы еңбегі Ректордың арнайы Алғыс хатымен жоғары деңгейде бағаланды! Айбарша Жақсылыққызы көптеген жылдар бойы университет пен өндірістік базалар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін арттыруға елеулі үлес қосып келеді. Оның жетекшілігімен жүзеге асқан жобалар мен практикалық жұмыстар әрдайым жоғары сапасымен ерекшеленеді.
Ұстаздың бағыт-бағдары мен білікті кеңестерінің нәтижесінде «Спорт журналистикасы» білім беру бағдарламасының 4-курс студенті Диамара Қуанышева Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 30 жылдық мерейтойы аясында өткен «Үздік практика базасы – 2026» байқауының қорытындысы бойынша үздік шығып, І орынды иеленді
«Цифрлық медианы басқару», «Қоғаммен байланыс» және «Спорт журналистикасы» бағдарламаларының студенттері қазірдің өзінде үздік компанияларда еңбек етіп, теорияны практикамен ұштастыруда. Комиссия мүшелері жұмыстарды жоғары бағалап, өндірістік практика сәтті қорғалды.
«Цифрлық медианы басқару» білім беру бағдарламасының 4-курс студенттері өндірістік іс-тәжірибені сәтті қорғап шықты. Комиссия мүшелері студенттердің дайындық деңгейін және іске асырылған нақты кейстерін жоғары бағалады
“Спорт журналистикасы” білім беру бағдарламасының 4-курс студенттері өндірістік іс-тәжірибе есебін сәтті қорғады. Практика 2026 жылдың 19 қаңтары мен 28 ақпаны аралығында өтті. Осы кезеңде білім алушылар кәсіби ортада жұмыс істеу тәжірибесін жинақтап, теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруға мүмкіндік алды. Практика қорытындысы бойынша студенттер комиссия алдында есеп беріп, орындаған материалдарын, сондай-ақ қалыптасқан дағдыларын таныстырды. Комиссия құрамындағы практика жетекшісі Жақсылық Айбарша, комиссия мүшелері Айжан Пернебекқызы, Ардақ Мүтәрбек, Сейілбек Садықұлы мен Гүлназым Сәкенқызы студенттердің кәсіби деңгейін, жауапкершілігін және шығармашылық белсенділігін жоғары бағалап, жұмыстарын «үздік»деп бағалады
«Қоғаммен байланыс» ББ 4-курс студенттері (қазақ бөлімі) 19.01.2026 - 28.02.2026 ж. аралығында өткен өндірістік іс-тәжірибе есептерін сәтті қорғады. Студенттеріміз еліміздің маңдайалды мекемелерінде шыңдалды: ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы; «Qazcontent» АҚ; «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ; «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы және т.б.
Болашақ мамандар ұйым имиджін қалыптастыру бойынша: Press-release жазу және ақпараттық материалдар дайындау; Әлеуметтік желілерге арналған креативті контент әзірлеу; Іс-шараларды ұйымдастыру және БАҚ-пен байланыс орнату; Медиа-мониторинг жүргізу және PR-стратегияларды талдау сияқты т.б. жұмыстарды атқарды. Студенттерді кафедраның аға оқытушылары: Г.С. Алгалиева, А. Жақсылық және А. Мүтәрбек бағалап, жоғары деңгейдегі дайындықты атап өтті.
"Қоғаммен байланыс" ББ 4-курс студенттері (орыс бөлімі) өндірістік іс-тәжірибе қорғау бойынша қорытынды конференциясын сәтті аяқтады. Болашақ PR-мамандары алдыңғы қатарлы коммуникациялық агенттіктерде, мемлекеттік органдардың баспасөз қызметтерінде, бизнес құрылымдарында және танымал ақпараттық порталдарда жинаған тәжірибелерімен бөлісті. Студенттер сарапшылардан сұхбат алып, сараптамалық материалдар дайындады; PR-стратегиялар әзірлеп, веб-ресурстар үшін контент жасады; SMM бағытындағы нақты кейстермен жұмыс істеді.
Түлектердің жұмысын кафедра меңгерушісі Гүлмира Шайтмағанбетқызы Әшірбекова бастаған білікті ұстаздар құрамы PhD, доцент Ә. Сауырбаева, Ә. Мұрат, Ә. Сабыр, Р. Алтайқызы жоғары бағалады. Комиссия мүшелері жастардың заманауи медиа құралдарын кәсіби деңгейде меңгергенін және тығыз жұмыс графигіне дайын екенін ерекше атап өтті. Студенттеріміздің басым бөлігі қазірдің өзінде өз мамандықтары бойынша жұмыс істеп жүргенін мақтанышпен айтамыз.
Университеттің 25 жылдық мерейтойына арналған "Үздік практика базасы" байқауына белсене қатысып жеңімпаз атанғаны үшін Журналистика және саясаттану факультетінің "Қазақпарат" халықаралық ақпарат агенттігі АҚ практика базасы дипломмен марапатталды
Білім алушылар өндірістік тәжірибеден келесі мекемелерде өте алады:
https://drive.google.com/file/d/1P_o6oXWAE8Ww2ErZYayERrPYlzs9Aqu0/view
Атырауский областной филиал РТРК Казахстан
Қазақстан РТРҚ АҚ Ақтөбе облыстық филиалы
ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті Алматы облысы бойынша
Республикалық телерадио корпорация АҚ
Нұр Отан партиясы жанындағы Жас Отан ЖҚҚБ
|
Оқу жылы |
Жұмыс жоспары және іс-шаралар |
Жылдық есеп (Қорытынды көрсеткіштер) |
Қосымша мәліметтер / Тізімдер |
|
2025-2026 |
2025-2026 оқу жылына жұмыс берушілермен жұмыс жоспары |
Түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіштері бойынша қорытынды есеп |
Жұмыс берушілермен бірлескен іс шаралар жоспары мен мекемелер тізімі |
|
2024-2025 |
2024-2025 оқу жылына жұмыс берушілермен жұмыс жоспары |
Түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіштері бойынша қортынды есеп |
Жұмыс берушілер тізімі |
|
2023-2024 |
Түлектердің жұмысқа орналасуы бойынша жұмыс жоспары |
Түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіштері бойынша қорытынды есеп |
Негізгі жұмыс берушілер мен серіктес мекемелер тізімі |
|
2022-2023 |
Түлектердің жұмысқа орналасуы бойынша жұмыс жоспары |
Түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіштері бойынша қорытынды есеп |
Негізгі жұмыс берушілер мен базалық мекемелер тізімі |
|
2021-2022 |
Түлектердің жұмысқа орналасуы бойынша жұмыс жоспары |
Түлектердің жұмыс орналасу көрсеткіштері бойынша қорытынды есеп |
Негізгі жұмыс берушілер мен базалық мекемелер тізімі |
|
2020-2021 |
Түлектерге бағыт-бағдар беру мақсатында өткізілген іс-шаралар тізімі мен жұмысқа орналасу бойынша жұмыс жоспары |
Түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіштері бойынша қорытынды есеп |
Негізгі жұмыс берушілер мен базалық мекемелер тізімі |






