
МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗА
Медиакоммуникация және қоғаммен байланыс кафедрасында студиялық сабақтар екі оқу телестудиясы мен радиостудияларда өткізіледі. Бұл кешендер техникалық жабдықталу деңгейі жағынан аймақтық телеарналардан кем түспейді. Заманауи талаптарға сай жабдықтар оқу үрдісін инновациялық әдістермен ұйымдастыруға және білім алушыларға кәсіби дағдыларын шыңдауға зор мүмкіндік береді. Телестудиялар кәсіби жарықтандыру жүйесімен, хромакеймен, заманауи бейнекамералармен және бейнебасқару пультімен жарақталған. Мұнда түрлі бағыттағы медиажобалар түсіріліп, білім алушылар ақпараттық бағдарламалар дайындаудың қыр-сырын практикалық тұрғыда меңгереді.
«Journalism ENU» подкаст студиясы
«Journalism ENU» — 2026 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және әлеуметтік ғылымдар жоғары мектебінің Медиакоммуникация және қоғаммен байланыс кафедрасы негізінде ашылған мультимедиялық подкаст студиясы. Жоба академиялық орта мен практикалық медиа кеңістіктің өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін кәсіби диалог платформасы болып табылады.
Жобаның мақсаты мен мазмұны Студия сапалы интеллектуалды контент қалыптастыруға бағытталған инновациялық хаб ретінде қызмет етеді. Бағдарлама аясында ғылым, мәдениет, әдебиет және заманауи коммуникация трендтерінің өзекті мәселелері терең талданады.
Авторлық құрам Жобаның ерекшелігі — білім мен тәжірибенің сабақтастығында. Студияның жүргізушілері ретінде Журналистика және әлеуметтік ғылымдар жоғары мектебінің докторанттары, магистранттары мен профессор-оқытушылар құрамы. Бұл бағдарламаның жоғары деңгейлі академиялық сараптамасын қамтамасыз етеді. Жоба жетекшісі: Медиакоммуникация және қоғаммен байланыс кафедрасының меңгерушісі, профессор Гүлмира Шайтмағанбетқызы. Жоба режиссері: Медиакоммуникация және қоғаммен байланыс кафедрасының аға оқытушысы Ардақ Мүтәрбек.
Journalism ENU cтудиясының қонағы - Қазақстан Ғылым академиясының академигі, профессор, философ Ғарифолла Есім. Жүргізуші - журналист, Еуразия ұлттық университеті Журналистика және әлеуметтік ғылымдар жоғары мектебінің аға оқытушысы Дана Маратқызы. Режиссер - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және әлеуметтік ғылымдар жоғары мектебінің аға оқытушысы Ардақ Мүтәрбек.
Journalism ENU cтудиясының қонағы - музыкалық жас көрермен театрының директоры, режиссер Асхат Маемиров. Жүргізуші — журналист, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Журналистика және әлеуметтік ғылымдар жоғары мектебінің магистранты Мөлдір Досбай. Режиссер - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және әлеуметтік ғылымдар жоғары мектебінің аға оқытушысы Ардақ Мүтәрбек.
Journalism ENU студиясының қонағы - ақын, айтыскер, ұстаз, ғалым, филология ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры Жанат Әскербекқызы. Жүргізуші - журналист, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және әлеуметтік ғылымдар жоғары мектебінің оқытушысы Дана Маратова. Режиссер - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және әлеуметтік ғылымдар жоғары мектебінің аға оқытушысы Ардақ Мүтәрбек.
Journalism ENU студиясының қонағы - әдебиет сыншысы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Амангелді Кеңшілікұлы. Жүргізуші - журналист, Еуразия ұлттық университеті Журналистика және әлеуметтік ғылымдар жоғары мектебінің магистранты Назым Дәуітәліқызы. Режиссер - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және әлеуметтік ғылымдар жоғары мектебінің аға оқытушысы Ардақ Мүтәрбек.
Journalism ENU студиясының қонағы - жазушы, публицист, халықаралық Ақпараттандыру академиясының академигі Қазығұл Шархан Нағыметұлы. Жүргізуші - Мұхамеджанов Еркін Таңатқанұлы тележурналист, Журналистика және әлеуметтік ғылымдар жоғары мектебінің магистранты. Режиссер - Еуразия ұлттық университеті Журналистика және әлеуметтік ғылымдар жоғары мектебінің аға оқытушысы Ардақ Мүтәрбек.
Journalism ENU cтудиясының қонағы - актер, ҚР «Серпер» Жастар Одағы сыйлығының иегері Ордабаев Шах-Мұрат Сайлаубекұлы. Жүргізуші - журналист, Еуразия ұлттық университеті Журналистика және әлеуметтік ғылымдар жоғары мектебінің аға оқытушысы Дана Маратқызы. Режиссер - Еуразия ұлттық университеті Журналистика және әлеуметтік ғылымдар жоғары мектебінің аға оқытушысы Ардақ Мүтәрбек.
Journalism ENU cтудиясының қонағы - PhD доктор, медиа зерттеуші, журналист Богдан Петров. Жүргізуші - журналист, магистрант Назым Дәуітәліқызы. Режиссер - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және әлеуметтік ғылымдар жоғары мектебінің аға оқытушысы Ардақ Мүтәрбек.
Journalism ENU cтудиясының қонағы - ақын, аудармашы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Дәурен Берікқажыұлы. Жүргізуші - журналист, Еуразия ұлттық университеті Журналистика және әлеуметтік ғылымдар жоғары мектебінің аға оқытушысы Дана Маратова. Режиссер - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және әлеуметтік ғылымдар жоғары мектебінің аға оқытушысы Ардақ Мүтәрбек.
Reporter TV
Reporter TV I SportTalks — Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Журналистика және әлеуметтік ғылымдар жоғары мектебі, Медиакоммуникация және қоғаммен байланыс кафедрасындағы “Cпорт журналистикасы” білім беру бағдарламасы студенттерінің бастауымен ашылған жоба. Жоба жетекшісі: Медиакоммуникация және қоғаммен байланыс кафедрасының аға оқытушысы Ардақ Мүтәрбек.
Sunqar Radiostudiyasy
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және әлеуметтік ғылымдар жоғары мектебінің Медиакоммуникация және қоғаммен байланыс кафедрасының білім алушылары оқу барысында теориялық білімді меңгеріп қана қоймай, кәсіби практикалық дағдыларын телестудиялармен қатар, радиода да белсенді түрде шыңдауда. Бұл үдеріс «Шалқар» радиосы мен ЕҰУ Журналистика және әлеуметтік ғылымдар жоғары мектебінің серіктестігі аясындағы бірлескен жоба негізінде жүзеге асуда. Студенттер «Шалқар» толқынындағы «Сұңқар радиостудиясы» бағдарламасын дайындауға тікелей атсалысып, радиожурналистиканың қыр-сырын практика жүзінде меңгеруде. Шығармашылық жұмысқа Медиакоммуникация және қоғаммен байланыс кафедрасының аға оқытушысы, белгілі радиожурналист Гүлнұр Омарханқызы жетекшілік етеді. Тәжірибелі маманның кәсіби бағыт-бағдары студенттердің сапалы әрі кәсіби медиаөнім жасауына зор ықпал етуде.
