
Философия кафедрасының тарихы
Философия кафедрасы – әлеуметтік ғылымдар факультеті құрамында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті негізі қаланған уақыттан бері қызмет атқарып келеді. 1996 жылы әлеуметтік пәндер кафедрасы болып ашылып, кейін кафедра құрамынан саясаттану, әлеуметтану, дінтану мамандықтары өз алдына жеке кафедра болып бөлінді.
Әр түрлі кезеңдерде кафедраға жетекшілік еткендер:
1996 жылдың қыркүйек айынан 1997 жылдың сәуір айына дейін Данысбекова Қаншайым Бекеновна
1997 жылғы сәуірден-2001 жылғы қыркүйекке дейін философия ғылымдарының докторы Айтказин Телисжан Курманович;
2001 жылдың қыркүйегінен-2003 жылдың сәуір айына дейін философия ғылымдарының докторы, профессор Нурманбетова Джамиля Нусупжановна;
2003 жылдың сәуір-маусым айлары кафедра меңгерушісінің міндетін атқарушы ф.ғ.к. Қалиева Күльпаш Алибаевна;
2003 жылы қыркүйектен 2005 оқу жылының маусымына дейін философия ғылымдарының докторы, профессор Абдильдина Раушан Жабайхановна;
2005 жылдың қыркүйек айынан 2006 жылдың қыркүйек айына дейін социология ғылымының докторы, профессор Забирова Айгуль Төлеубаевна;
2006 жылдың қыркүйек-желтоқсан айлары кафедра меңгерушісінің міндетін атқарушы ф.ғ.к.доцент Фазылова Ғ.Р.
2007 жылдың қаңтарынан 2013 жылдың қыркүйегіне дейін ф.ғ.к. Данысбекова Қаншайым Бекеновна;
2012 жылдың 26 желтоқсанындағы Ғылыми кеңестің шешімімен Дінтану кафедрасы құрылып, Философия кафедрасынан бөлек шықты.
2013-2019 жылдары философия ғылымдарының докторы, профессор, академик Ғарифолла Есім. Ф.ғ.д., профессор Ғарифолла Есімнің бастамасымен магистранттарға «Жаңаша және инновациялық ойлау философиясы», «Жақсы қазақ идеясы және философиясы» пәндері бойынша дәрістер, ал бакалаврларға «Дәстүр философиясы», «Сабақтастық философиясы», «Іскерлік философиясы», «Дәулет философиясы», «Қазақ қызы философиясы» атауларымен енгізілген элективті пәндер бойынша дәрістер оқытылды.
2020 жылдың қаңтар-қазан айларында философия ғылымдарының докторы, профессор Телебаев Ғазиз Тұрысбекұлы кафедра меңгерушісі болып жетекшілік етті.
2020 жылдан қазаннан бастап кафедраны философия ғылымдарының докторы Медеуова Күлшат Ағыбайқызы басқарады.
Қазіргі таңда философия кафедрасы «Философия» және «Мәдениеттану» мамандықтары бойынша оқу-тәрбие, ғылыми бағыттағы қызметтер атқарады.
Кафедра ұжымы жоғары кәсіби білікті мамандар болып табылады. Білім беру бағдарламасы ҚР ҰҒА академиктері – Абдильдин Ж.М., Ғарифолла Есім, Нурманбетова Д.Н.; Ғылым докторлары – Иманжусип Р.Н., Медеуова К.А.; ғылым кандидаттары – Тұрсынбаева А.Ө., Адаева Г.А., Аубакиров Е.Н., Данысбекова К.Б., Саркулова М.С., Сандыбаева У.М., Мамырбекова А.К., Толғамбаева Д.Т., Фазылова Г.Р., Бозжигитова М.М., Арыстамбаева С.А., Оразалиев Б.А., Бокаев Б.О.; PhD докторлар – Рыскулбекова Д.А, Ермаганбетова К.С., Шамахай С., Кемербай Р.А.; Магистр – Жолбарысова У.М., Кенжеев А.А., Рамазанова А.Ч., Раманжарова А.М., Жумаксанова М.Ш., Атымтаев А.С., Жахина Т.С., Әбдібек А.Д., Мустафина Т.В., Амангелдиев А.А., Сахов А.С. сияқты жоғары білікті мамандармен қамтамасыз етілген.
Кафедра қызметінің саласын біліктілікті арттыру, оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмысы, халықаралық ынтымақтастық, тәрбие жұмысы құрайды.
Кафедра оқытушылар тұрақты түрде өздерінің біліктілігін арттыру жұмысымен айналысады. Біліктілікті арттырудың негізгі формалары: курстар, тренингтер, семинарлар, тағылымдама болып табылады.
Оқытушылардың өз біліктіліктерін арттыруға мүдделілігі тікелей кафедраның жұмысының басты мақсатымен байланысты-оқытудың жоғары ғылыми-теориялық және әдістемелік деңгейі, біліктілігі жоғары шығармашылық мамандарды даярлау. Кафедрада білім беру үрдісінің сапасын үздіксіз арттыру, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, әдістемелік қамтамасыз етудің сапа мониторингін ұйымдастыру болып табылатын оқыту-әдістемелік жұмысқа аса үлкен назар аударылады.
Кафедрада «Философия» және «Мәдениеттану» мамандықтары бойынша модулдік білім беру бағдарламалары, оқыту-әдістемелік кешендерді әзірлеу жүзеге асырылады; оқулықтарды әзірлеу, оқу құралдары, әдістемелік ұсыныстар, білім алушылардың ағымдағы, аралық, қорытынды білімдерін бақылау материалдарын; өзіндік жұмыстың оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуде.
Кафедрада 2007-2008 оқу жылынан «Философия», 2010-2011оқу жылынан «Мәдениеттану» мамандықтары бойынша магистранттар; 2011-2012 оқу жылынан «Философия» мамандығы бойынша, 2015-2016 оқу жылынан «Мәдениеттану» мамандығы бойынша докторанттар даярлануда. Бүгінгі күнде 100-ге жуық философия және мәдениеттану магистрлері білім алып, еліміздің барлық ЖОО-да және еңбектің өзге салаларында қызмет етуде.
Кафедра оқытушылары міндетті компоненттің пәні «Ғылым тарихы мен философиясы» бойынша сабақтарды магистратураның барлық мамандықтары үшін жүргізеді, ал бакалаврлар үшін жалпы білім беру модулінің пәні – «Философия» жүргізіледі.
Философия кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы наградалар, құрметті атақтар мен мемлекеттік марапаттардың иегерлері болып табылады.
Кафедрада Мемлекеттік премия лауреаттары мен білім және мәдениет үздіктері белгілердің иегерлері:Философия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі Жабайхан Мүбаракұлы Әбділдин – ҚР еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1992); Президенттің Бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының лауреаты (1994); Ғылым мен техника саласындағы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1983), ҚР ҰҒА-ның ең жоғарғы марапаты «Ғасыр ғұламасы» алтын медалі» (2018).
Философия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі Ғарифолла Есім - Қазақстанның Абай атындағы әдебиет және өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2020). 2016 жылдан бастап: «Алтын барыс» медалі (2017); екінші дәрежелі «Барыс» ордені (2019); «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерейтойлық медалімен (2020) марапатталған.
Философия ғылымдарының докторы Раушан Иманжүсіп Білім беру саласының үздігі (1992), Қазақстан Республикасының мәдениет саласының үздігі (2013), Республикалық «Әбіш Әлемі» байқауының дипломы (2019).
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен философия ғылымдарының кандидаты Данысбекова Каншайым Бекеновна марапатталды.(2016) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен философия ғылымдарының кандидаты Сандыбаева Ұлболсын Майтанқызы марапатталды.(2020).
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің марапаттары: «Күлтегін» медалі Ж.М. Абдильдин (2018). «Лев Гумилев» медалімен ф.ғ.к., доцент Фазылова Г.Р. (2016),доцент К.Б.Данысбекова (2018), доцент Толгамбаева Д.Т. (2020) марапатталды.
Медальдар, мақтау қағаздары, университет басшылығы және әлеуметтік ғылымдар факультеті атынан алғыс хаттармен марапатталғандар: философия ғылымдарының докторы, профессор Медеуова К.А., ф.ғ.к., доцент Адаева Г.А., п.ғ.к., доцент Толгамбаева Д.Т., ф.ғ.к., доцент Фазылова Г.Р., ф.ғ.к., доцент К.Б. Данысбекова, ф.ғ.к., доцент Саркулова М.С., ф.ғ.к., доцент Сандыбаева У.М., ф.ғ.к., доцент Тұрсынбаева А.О., ф.ғ.к., аға оқытушы Бозжигитова М.М., PhD, аға оқытушы Ермагамбетова К.С., аға оқытушы Рамазанова А.Ч., аға оқытушы Жолбарысова У.К.
Кафедраның профессор-оқытушылар құрамынан – т.ғ.к., доцент Арыстамбаева С.А., ф.ғ.к., доцент Тұрсынбаева А.О.; PhD, аға оқытушы Ермагамбетова К.С. және PhD, аға оқытушы Шамахай С. төсбелгілермен, құрмет грамоталарымен, мерейтойлық медальдармен, мәдениет және спорт министрлігінің алғыс хаттарымен, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, «Нұр-Отан» партиясының филиалының, Қазақ ұлттық өнер университетінің алғыс хаттарымен марапатталды.
