
Еңбекпен қамту
ЕҢБЕКПЕН ҚАМТУ
Кафедра қызметінің басымдықтарының бірі бітіруші түлектерді табысты жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу болып табылады. Философия кафедрасы білім беру бағдарламаларын бітірушілермен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізеді, оларға консультативтік көмек үшін жұмыс берушілер, практик-мамандар шақырылып, бітірушілермен кездесу, дөңгелек үстелдер, семинарлар, вебинарлар ұйымдастырылады.
Философия кафедрасында бітірушілермен әңгімелесулер өткізіледі, оның барысында білім алушылар «Жастар практикасы», «Дипломмен –ауылға!» бағдарламалары туралы, мемлекеттік грант/тапсырыс негізінде білім алған жас мамандардың жұмысты өтеуі жөніндегі міндеттемелермен танысады.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде тұрақты түрде «Бос орындар жәрмеңкесі» өткізіліп отырады. Бұл іс-шараның аясында бітіруші курстардың білім алушылары мамандық бейіні бойынша түрлі ұйымдарға өз түйіндемелерін ұсына алады.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ұйымдастырылатын «Бос орындар жәрмеңкесінде» «Білім беру, гуманитарлық ғылымдар, құқық, өнер, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес-қызметтер» бағыттары бойынша философия кафедрасының жұмыс берушілері: Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының (ҚСЗИ), конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Ә.Назарбаев орталығы КЕАҚ, Ұлттық кітапхана, ҚР Тұңғыш Президенті кітапханасы, ҚазҰӨУ, Сейфуллин ат. ҚазАТУ өкілдері және басқалары белсенді қатысуда.
Білім беру бағдарламаларын дамыту және жетілдіру үшін кафедра жұмыс берушілермен кері байланыс орнатып отырады. Осындай байланыс нысандарының бірі ББ талқылау мақсатында жұмыс берушілердің қатысуымен әдістемелік семинарлар ұйымдастыру болып табылады. Сонымен қатар, жұмыс берушілер кафедрада сабақ беруге қосымша түрде тартылады. Жұмыс берушілерге бітірушілерді даярлаудың сапасы – олардың кәсіби біліктілігінің, кәсіби қызметте қажетті қолданбалы икемдері мен дағдыларының деңгейі туралы сауалнама жүйелі түрде жүргізіледі.
Білім беру бағдарламаларын бітірушілер туралы жұмыс берушілердің пікірлерінде оларды дайындау сапасының жоғары деңгейі жиі байқалады және бітіруші түлектердің жұмысы мен кәсіби сапасына оң баға беріледі. Сонымен қатар, Мансап және бизнес-серіктестік бөлімінің көмегімен «Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алушылар үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларына сәйкес жұмысты өтеу рәсімі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысы» жүргізіліп, бітірушілердің өз қанағаттанушылығына қатысты сауалнамалар ұйымдастырылады.
Онлайн-оқытуға көшуге байланысты соңғы жылдары Microsoft Teams, ZOOM платформасында семинарлар мен вебинарлар өткізілуде. Атап айтқанда 2021 жылғы 23 ақпанда жұмыс берушілердің қатысуымен «Кәсіптік практика және жұмысқа орналастыру: жағдайы мен болашағы» атты жалпы университеттік семинар-кеңесі жоспарланған.
Барлық бітіруші түлектер еңбек нарығында үлкен сұранысқа ие және еңбек қызметін жоғары оқу орындарында, колледждерде, ғылыми-зерттеу, ғылыми-талдау мекемелерінде және департаменттерде, мемлекеттік органдарда, басқару мекемелерінде, қоғамдық қорларда жүзеге асырады. Жекелеген білім алушылар магистратураға және докторантураға түсе отырып, оқуын жалғастырады.
Кафедраның бітіруші түлектерінен Кадралиев Руслан – ҚР БҒМ-де маман, Бектенова Мадина – Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтында (ҚСЗИ) бас маман, Әлібай Амангүл – ҚР Ұлттық музейінде экспозицияшы, Әзірбаев Аслан – ҚР Тұңғыш Президенті кітапханасында аға ғылыми қызметкер, Альжанова Гаухар, Садыкова Торғын – С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-да философия кафедрасының оқытушылары, Шонаева Мөлдір – Басқару колледжінде оқытушы болып жұмыс істейд.
Кафедраның мақтанышы ретінде 6М020400 «Мәдениеттану» ББ бітірушілері танымал әншілер Мейрамбек Беспаевты, Қайрат Нұртасты, 2016 жылы «Философия» ББ бойынша магистратураны бітірген, қазіргі заманғы қазақстандық жазушы – постмодернист Дидар Амантайды, 2019 ж. «Мәдениеттану» ББ магистратурасын бітіруші күйші-импровизаторлар Айбек Бекбосын мен Қайрат Айтбаевты атауға болады.
Білім беру бағдарламаларын бітірушілерді жұмысқа орналастыру бойынша мәліметтер «6В03104-МӘДЕНИЕТТАНУ», «7M03104-МӘДЕНИЕТТАНУ», «8D03104-МӘДЕНИЕТТАНУ».
|
|
Бакалавриат |
Бакалавриат |
Магистратура |
Магистратура |
Докторантура |
Докторантура |
|
Бітіру жылы |
Бітірушілер саны |
Жұмысқа орналасқандар саны |
Бітірушілер саны |
Жұмысқа орналасқандар саны |
Бітірушілер саны |
Жұмысқа орналасқандар саны |
|
2016 г. |
13 |
12 |
14 |
14 |
- |
- |
|
2017 г. |
11 |
11 |
15 |
12 |
- |
- |
|
2018 г. |
23 |
22 |
11 |
10 |
1 |
1 |
|
2019 г. |
9 |
8 |
14 |
12 |
1 |
1 |
|
2020 г. |
8 |
1 |
20 |
14 |
7 |
6 |
|
2021 г. |
10 |
7 |
8 |
8 |
7 |
7 |
|
2022 г. |
10 |
8 |
- |
- |
10 |
10 |
|
2023 |
15 |
10 |
1 |
1 |
6 |
6 |
Білім беру бағдарламаларын бітірушілерді жұмысқа орналастыру бойынша мәліметтер: «6В02201 – ФИЛОСОФИЯ», «7M02201- ФИЛОСОФИЯ», «8D02201-ФИЛОСОФИЯ».
|
|
Бакалавриат |
Бакалавриат |
Магистратура |
Магистратура |
Докторантура |
Докторантура |
|
Бітіру жылы |
Бітірушілер саны |
Жұмысқа орналасқандар саны |
Бітірушілер саны |
Жұмысқа орналасқандар саны |
Бітірушілер саны |
Жұмысқа орналасқандар саны |
|
2016 г. |
5 |
5 |
9 |
9 |
1 |
1 |
|
2017 г. |
11 |
10 |
6 |
6 |
2 |
2 |
|
2018 г. |
5 |
5 |
4 |
4 |
2 |
2 |
|
2019 г. |
5 |
5 |
6 |
6 |
1 |
1 |
|
2020 г. |
1 |
1 |
16 |
11 |
4 |
2 |
|
2021 г. |
10 |
9 |
5 |
5 |
7 |
7 |
|
2022 г. |
13 |
13 |
2 |
2 |
8 |
8 |
|
2023 |
20 |
17 |
3 |
2 |
10 |
8 |
