
Баспасөз және баспа ісі кафедрасының негізі 1998 жылы қаланған.
Кафедраның қалыптасуы мен дамуына Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, филология ғылымдарының докторы А.Сейдімбек зор еңбек сіңірген.
Журналистика білім беру бағдарламасы 1996 жылы басталып, 1998 жылы кафедра ашылған.
Миссия: ұлттық құндылықтарды сақтай отырып, әлемдік білім беру стандартына сай келетін, медианарық қажеттіліктерін толық қамтамасыз ете алатын бәсекеге қабілетті кәсіби деңгейі жоғары мамандар дайындау.
Көрінісі:
- Журналистика, баспа ісі, медиаөнер, халықаралық журналистика, әскери журналистика, Data журналистика білім беру бағдарламалары бойынша оқытудың жаңа технологияларын енгізу;
- Медианарықтағы трендке айналған жаңа бағыттар бойынша таңдау курстарын арттыру (фактчекинг, интерактивті графика, журналистиканың технологиялық трендтері, жасанды интеллект мүмкіндіктерін үйрету және т.б.)
- Жұмыс берушілермен тығыз байланыс орнату, халықаралық деңгейдегі тәжірибелі журналистердің шеберлік сағаттарын ұйымдастыру;
- Профессор-оқытушылар құрамына PhD докторларды тарту, ұжымның ғылыми әлеуетін көтеру, практик-оқытушыларды қызметке тарту;
- Медиа саласында ғылыми жобаларды жүзеге асыру, шетелдік әріптестік пен ынтымақтастықты арттыру, бірлескен жобаларды орындау;
- Кафедраның материалдық-техникалық базасын нығайту, баспа және журналистік талдау орталығын ашу;
- Білім алушылардың контингентін арттыру.
Баспасөз және баспа ісі кафедрасы ірі білім беру және ғылыми орталық әрі газет, журнал басылымдары, интернет-журналистика саласына жоғары білікті мамандар даярлау ісіне толымды үлес қосып келеді. Кафедраның қалыптасуы мен дамуына Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, филология ғылымдарының докторы А.Сейдімбек зор еңбек сіңірген.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Үздік оқытушысы», факультет деканы, филология ғылымдарының кандидаты, профессор Қ.Сақ, филология ғылымдарының докторы, профессорлар А.Ишанова, С.Тапанова, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Г. Әшірбекова, филология ғылымдарының кандидаты, доцент А.Есдаулетов, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Г.Болатова, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Б.Баткеева, «Редакторлар клубының» вице-президенті, филология ғылымдарының кандидаты, профессор М.Тоқтағазин, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Ғ.Ақсейіт, филология ғылымдарының кандидаты А. Үмбетова, PhD докторы А.Жанысбаева, PhD докторы Г. Шауенова қызмет етуде.
Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы шетелдік ЖОО әріптестерімен ынтымақтастықта еңбек етеді. Осындай байланыстардың арқасында шетелдік ЖОО профессорлары кафедрада дәрістер оқып, семинар сабақтарын, конференциялар өткізеді. Кафедра шеңберінде өзекті мәселелер хақында дөңгелек үстелдер, конференциялар ұйымдастырылады. Кафедра оқытушылары өздерінің ғылыми жұмыстарын, яғни жаңа дәрістер курстары мен инновациялық семинарларды оқу процесіне белсенді түрде енгізіп отырады. Кафедрада «Журналистика» мамандығы бойынша ағылшын тілінде оқытатын бөлім ашылды.
Баспасөз және баспа ісі кафедрасының «Egemen Qazaqstan» газеті мен «Фолиант» баспасында филиалдары бар. Бірнеше жылдан бері белгілі қоғам қайраткері, жазушы, ҚР Парламент депутаты С.Абдрахманов, «БиКа» баспа орталығының директоры, аға оқытушы Б.Тоқабаева, практик-мамандар М.Ештанаева, Г.Ертасова, Ж.Ералина, Ж.Бегайдарова, А.Смаилова жұмыс істейді. Кафедрада журналистика және баспа саласының ғалымдары мен білікті мамандары сапалы білім мен саналы тәрбие беруде. Журналистиканың заманауи талаптары мен шығармашылық шеберлікке баулитын 5 ғылым докторлары, 10 ғылым кандидаты, доценттер, PhD доктор, 8 магистр аға оқытушылар еңбек етеді.
Оқу процесінде студенттердің маманданатын саласын ескере отырып, әрқайсысымен жеке жұмыс жасауға баса назар аударылады. Кафедрада білім алатын студенттер республикалық студенттік олимпиадаларға, Отанымызда ғана емес, сонымен қатар шетелдерде де өткізілетін медиафестивальдерге, ғылыми конференцияларға белсене қатысып, жүлделі орындарға ие болуда. Сондай-ақ олар жазғы мектептерде практикадан өтуді дәстүрге айналдырған. «Журналистика және репортелік іс», «Баспа ісі» білім беру бағдарламаларының түлектері ақпараттық кеңістіктің барлық саласында, полиграфияда, баспа орталықтарында, министрліктер мен мемлекеттік органдардардың баспасөз орталығында, ақпарат агенттіктері мен сайттарда қызмет ете алады.
Қазіргі таңда республикалық «Egemen Qazaqstan» газетінің редакциясында Журналистика және саясаттану факультетінің 13 түлегі жұмыс істейді. ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Н.Ораз, Qazaqsatan ұлттық арнасы «Ниет» бағдарламасының жүргізушісі Г.Әлімгерей, «Хабар» агенттігінің тілшісі Г.Тополева, («Казахстанская правда» газетінің тілшісі А.Муканова, «24 KZ» телеарнасының Германиядағы арнайы тілшісі Ш.Найманбаева – кафедраның ғана емес, университет мақтанышы. Кафедра түлектері «Болашақ» бағдарламасымен Жапонияда Жанар Секербаева, Англияда Мадина Карабалина өз білімдерін шетелдерде жалғастыруда.
Кафедрада білім алушылардың шығармашылық әлеуетін арттыру мақсатында «Мұзбалақ» шығармашыл жастар бірлестігі (жетекшісі Б.Тоқабаева), «Симург» клубы (жетекшісі А.К.Ишанова), «Көзқарас» (жетекшісі Г.Ж.Болатова) студенттер үйірмесі түрлі мәдени, әдеби кештер, кездесулер ұйымдастырады. Бүгінгі күні «Мұзбалақ» шығармашыл жастар бірлестігі унверситеттің барлық факультеттері бойынша шығармашылықпен айналысатын жастардың орталығына айналып үлгерді.
| Кафедраның 2023-2024 жылға жұмыс жоспарымен мына жерде таныса аласыз |
Баспасөз және баспа ісі кафедрасының қызметі туралы есебі. 2022-2023 оқу жылы |
| Кафедраның 2022-2023 жылға жұмыс жоспарымен мына жерде таныса аласыз | Баспасөз және баспа ісі кафедрасының қызметі туралы есебі. 2021-2022 оқу жылы |
| Кафедраның 2021-2022 жылға жұмыс жоспарымен мына жерде таныса аласыз | Баспасөз және баспа ісі кафедрасының қызметі туралы есебі. 2020-2021 оқу жылы |
| Кафедраның 2020-2021 жылға жұмыс жоспарымен мына жерде таныса аласыз | |
Баспасөз және баспа ісі кафедрасының youtube каналы:
https://www.youtube.com/channel/UC62ED0T9AavC6OvjZJEmjWQ








