
ЖЕТІСТІКТЕР
Профессор-оқытушылар құрамының наградалары туралы мәліметтер
Л. Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Журналистика және саясаттану факультеті Баспасөз және баспа ісі кафедрасының профессорлары мен оқытушылары көптеген наградалармен, құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталды.
Факультет деканы, филология ғылымдарының кандидаты, профессор Сақ Қайрат Өмірбайұлы Қазақстан Республикасы Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігінің «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісін тақты.
Филология ғылымдарының докторы, профессор Тапанова Сауле Есенбекқызы "Баспа саласының дамуына және Қазақстанның әлеуметтік-мәдени саласының тарихи құндылығын сақтауға қосқан баға жетпес үлесі үшін" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының алғыс хатымен марапатталды.
Сәуле Есенбекқызы Л. Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің "білім мен ғылымды дамытуға қосқан зор үлесі үшін"медалімен марапатталды.
























