
ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫС
Ғылыми-зерттеу жөніндегі есеп 2023 жыл: Құжатқа сілтеме
Ғылыми-зерттеу жоспары 2023: Құжатқа сілтеме
Ғылым жөніндегі есеп 2022 жыл: Құжатқа сілтеме
Ғылым жоспары 2022 жыл: Құжатқа сілтеме
Ғылым есеп 2022 жыл: Құжатқа сілтеме
Баспасөз және баспа ісі кафедрасының аға оқытушысы Ақниет Пернебаевна Жанысбаева журналистика кадрлар даярлау бағыты бойынша философия докторы дәрежесін алды.
Баспасөз және баспа ісі кафедрасының профессоры Тоқтағазин Мұратбек Балқыбекұлы "Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін" төсбелгісімен марапатталды.
2021 жылдың 25 тамызында Еуразия ұлттық университетінің Журналистика және саясаттану факультетінде Диссертациялық Кеңес төрағасы, факультет деканы, профессор Қайрат Сақтың төрағалық етуімен факультет докторанты Саурбаева Ашекей Жумагуловнаның 6D050400 – «Журналистика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғауы өтті. Диссертант Саурбаева Ашекей «Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдарындағы ақпараттық технологиялар (енгізілуі, дамуы жәнe пeрспeктивaлaры)» атты тақырыпта докторлық диссертация қорғады.
Ал 21 тамыз күні факультетте Диссертациялық Кеңес төрағасы, факультет деканы, профессор Қайрат Сақтың төрағалық етуімен факультет докторанттары Жанысбаева Ақниет пен Құмарова Меруерт 6D050400 – «Журналистика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін диссертациясын қорғаған болатын.
«Қазақстанның ақпарат кеңістігіндегі аймақтық мерзімді басылымдардың проблемалары («Оңтүстік Қазақстан» газеті материалдары негізінде) / «Проблемы региональной периодической печати в информационном пространстве Казахстана (на примере материалов газеты «Оңтүстік Қазақстан»)» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған Жанысбаева Ақниеттің ғылыми кеңесшілері Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Баспасөз және баспа ісі кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы Шиндалиева Менликул Бурхановна және Ресей Халықтар Достастығы университеті орыс тілі және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының профессоры (Ресей), филология ғылымдарының докторы Бахтикиреева Улданай Максутовна еді. Диссертант зерттеуінде аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарының қызметі, оның ішінде аймақтық баспасөздің даму ерекшеліктеріне, өзекті мәселелеріне және қазір болып жатқан саяси үрдістердің қазақ аудиториясына әсеріне сараптама жасаған.
2018 жылғы 3 мамырда ҚР Білім және ғылым минстрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің шешімімен (№703-бұйрық) Баспасөз және Баспа ісі кафедрасының оқытушысы Тоқтағазин Мұратбек Балқыбекұлына қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы берілді.
БАСПАСӨЗ ЖӘНЕ БАСПА ІСІ КАФЕДРАСЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІ МЕН МАГИСТРАНТТАРЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ
«Баспасөз және баспа ісі» кафедрасының студенттері мен магистранттарының ғылыми-зерттеу жұмыстары магистранттар мен студенттердің оқу бағдарламасы аясында және арнайы бағдарламалар бойынша жүзеге асырылды.
Баспасөз және баспа ісі» кафедрасы студенттердің ғылыми-әдістемелік және олимпиадаларға қатысу іс-шаралары бекітілген. Оқу жылында Қазақстан Республикасында, шетелде өткен конференцияларға қатысты.












