
ПРАКТИКА ЖӘНЕ ЕҢБЕКПЕН ҚАМТУ
ПРАКТИКА
СТУДЕНТТЕРДІ ТӘЖІРИБЕДЕН ӨТКІЗУ БАҒЫТЫ БОЙЫНША АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ
27 ақпанда "Журналистика", "Баспа ісі" мамандықтарының студенттері өндірістік тәжірибеден өтті. Комиссия мүшелері PhD., доцент Есдаулетов және Баспасөз және баспа ісі кафедрасының аға оқытушылары А. Г. Емцова, Ж. Е. Ералина болды. Тәжірибе қорытындысы бойынша студенттердің шамамен 30% - ы жұмысқа орналастырылды. Өндірістік практика біздің факультет студенттерінің зор әлеуетке ие екенін көрсетті. (instagram-ға сілтеме)
«Журналистика және репортерлік іс», «Аудиовизуальды құрылғылар және медиаөндіріс» білім беру бағдарламалар тобы бойынша өндірістік практика базалары.
- "Қазақстан" АҚ ТРК
- "Астана ақшамы" газетінің редакциясы ЖШС
- "Қазығұрт" баспасы ЖШС (Алматы қ)
- Медиаагентство ТОО "Black and white group"
- Журнал "Астана"
- "Егемен Қазақстан" РГ АҚ
- «Казахстанская правда» газеті
- Қызылорда облыстық телекомпаниясы
- ҚР «Sport» - «Спорт» газеттері
- ҚР ЖК «БЕК» (ғылыми-әдістемелік журналдар)
- «Bench Mauk Consulting» ЖШС
- «ГИС Әскери Медиа» ЖШС
- "Агентство Umbrella" ЖШС
- Астана Төтенше жағдайлар департаменті
- ЖШС БАҚОРДА медиа
- Казконтент АҚ
- ІІМ Медиа орталығы (бірнеше газет және журнал бар)
- "Хабар" агенттігі
- ЖШС "Деловой мир Астана" ("Отбасым", басқа да журналдар)
- ЕҰУ баспасы және ЕҰУ "Еуразия" ақпарат орталығы
- "Фолиант" баспасы, Астана қаласы.
- "Технополис" ЖШС , сайт Informburo.kz (орыс тілінде)

2020 жылы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі арасында өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Меморандум осында
"Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" КеАҚ және "Сыртқы саяси зерттеулер институты" АҚ арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандум осында.
"Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" КеАҚ және "Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты" ЖШС арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандум осында.

Білім беру бағдарламаларын дамыту және жетілдіру үшін кафедра жұмыс берушілермен кері байланысты орнатқан. Білім беру бағдарламаларының түлектері туралы пікірлер олардың дайындық сапасының жоғары деңгейін көрсетеді және түлектердің жұмысы мен кәсіби біліктілігіне оң баға береді.
![]() |
![]() |
![]() |
2022-2023 оқу жылына арналған практика кестесі
2023-2024 оқу жылына арналған практика кестесі
5В042200-баспа ісі мамандығы бойынша толықтыру мен өзгерту
Баспа ісі, кәсіби практикаға өзгерістер мен толықтырулар 2021
Кәсіптік практика кестесі. Бакалавриат, магистратура, докторантура
Кәсіптік практика кестесі. Бакалавриат 1-3
Кәсіптік практика кестесі. Бакалавриат 3-4
Кәсіптік практика кестесі. Бакалавриат 4-5
ЕҢБЕКПЕН ҚАМТУ
ТҮЛЕКТЕРДІ ЕҢБЕКПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ БАҒЫТЫ БОЙЫНША АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ

2022-2023 оқу жылына кафедраның кәсіби бағдар бойынша жылдық жоспары жасалып, 22 қыркүйекте кафедра мәжілісінде (Хаттама №2, 22 қыркүйек, 2022 жыл) бекітілді. Жоспарға жыл бойы жүргізілетін жұмыстар мен кәсіби бағдар жүргізілетін мектептер, жауапты оқытушылар белгіленді.
Кафедраның ескі брошюралары мен түсіндірме қағаздары, презентациялары жаңартылып, кейбірі қайта жасалды. Студенттердің сабақ барысында айтылған идеялар негізінде қазақ және орыс тілдерінде бейнеролик дайындалды.
Қараша айында №15 мектепте кәсіби бағдар жүргізіліп, оқушыларға журналистика және баспа ісі мамандықтары толығымен түсіндіріліп, түсіндірме қағаздары мен брошюралар таратылды. Мектепке оқытушылардан бөлек 2 курс студенттері де барып, ЕҰУ-дағы білім сапасы мен жасалған мүмкіндіктер жайлы толық ақпарат берді. Сондай-ақ Абай атындағы республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернатында кәсіби бағдар жұмыстары жүргізіліп, талапкерлермен жұмыс басталды.

Университеттің 2023 жылдың 25 ақпан күні өткен Ашық есік күні шарасында факультеттің үстелі дайындалып, онда кафедраның ақпараттық брошюралары қойылды. Оқытушылармен бірге кафедрадан 5 студент талапкерлермен жұмыс жүргізді.

Шара барысында келушілерге біздің білім бағдарламалар туралы ақпарат берілді. Студенттер жатақхана, студенттік және қоғамдық, мүмкіндіктер туралы толығымен сөз етті. Нәтижесінде Журналситика және саясаттану факутьтетіне, оның ішінде Журналистика және баспа ісі, медиаөнер бағдарламалары жайлы талапкерлермен сөйлесті. Шара соңында біздің мамандықты таңдаған 15 студентпен жеке қалып, оларды чатқа қосып, №1 бас ғимараттындағы телестудия, радиостудияларға экскурсия жасалды.


https://www.instagram.com/tv/CpEk60CKKNl/?igshid=MmJiY2I4NDBkZg==
2022 жылғы 11 қарашасында факультетіміздің «Ашық есік күні» шарасы өтті. Оған онлайн және офлайн форматта қатысушылар жиналды. Оған Астана қаласынан келген №64, №8, №9 мектеп оқушылары мен мұғалімдері, факультет деканы, кафедра меңгерушілері мен ПОҚ қатысты. Сол жерде кафедра меңгершісі Амангелді Мейрамұлы білім бағдарламалары жайлы талапкерлерге ақпарат беріп, журналистика мамандығының ерекшелігін түсіндірді.
Мамыр айында университетімізде өткен Әлихан Мақсұт атындағы «RoboZerde-2023» І қалалық роботтехника фестивалінде де кафедраның үстелі кеңес беру алаңына қойылып, келген талапкерлер мен қызығушылық танытқан оқушыларға кеңес берілді.
Кафедраның 1, 2 курс студенттері және кураторларымен жұмыс жасалды. Олардың туып өскен жерлері мен аймақтарынан келетін талапкерлермен, олардың мектептерімен байланыс орнатылды. Нәтижесінде аймақтармен жұмыс күшейе түсті. Бүгінде кафедра бойынша кәсіби бағдарға жауапты Ж.Бегайдарова телефон, уатсап арқылы кеңес беруде.
2023 жылдың маусым айында талапкерлермен онлайн кездесу ұйымдастырылды. Қазақ бөлімінің кездесуіне факультет деканы Қ.Сақ, кафедра меңгерушісі А.Шурентаев және ПОҚ қатысты. Декан талапкерлерге шығармашылық емтихан ережелерінен бастап, қалай дайындалу керек, қандай әдебиет оқу қажеттілігіне дейін кеңес берді.
Ал орыс бөліміне түскісі келетін талапкерлермен А.Есдәулетов, А.Ишанова, А.Смаилова секілді кафедра мүшелері кеңес беріп, журналистика мамандағына түсуідің қыр-сырымен бөліссе, А.Емцова жазба жұмысының критерийлерін түсіндіріп берді.
2022 жыл
2022 жылдың 26 наурыз күні «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ «Талапкер-2022» атты Ашық есік күнін өткізді. Ұйымдастырылған шараға университет басшылары, факультет деканы, кафедра меңгерушілері, профессор-оқытушылар, мектеп бітіруші түлектер мен ата-аналар қатысты. Кездесуге Қарағанды, Павлодар, Атырау, Ақмола (Талапкер, Қоянды, Қосшы қ.) облыстарынан, Тараз, Ақтау қалаларынан, Нұр-Сұлтан қаласының 89 мектебінен 600-ге тарта мектеп бітіруші түлектер жиналды. Мектеп түлектеріне жоғары оқу орнының білім беру бағдарламалары туралы кеңінен ақпарат беріліп, қабылдау комиссиясының жұмысы туралы айтылды. Сондай-ақ ҰБТ-ның жаңа форматы туралы, еліміздің жоғары оқу орындарына қабылдау Ережесіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы да мағлұмат берілді.
Жоғары оқу орнының білім беру бағдарламаларымен оқушылар фойеде танысуға мүмкіндік алды, онда факультеттің арнайы көрмесі ұйымдастырылып, кафедрамыздың білім беру және ғылыми жетістіктері, теле және радио студиялары түлектерге көрсетілді.
2022 жылғы талапкерлер үшін шығармашылық емтихан талаптары жаңартылды. Қазіргі таңда «Оқу сауаттылығы» пәні бойынша – 15 балл, «Қазақстан тарихы» пәні бойынша – 20 балл, шығармашылық емтиханның әр кезеңінен – 45 балл жинақтап, шығармашылық емтиханның қорытынды баллы – 90 болып бекітілді.

2021 жыл
2021 жылғы 11 наурызда Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика және саясаттану факультетінің ұйымдастыруымен талапкерлермен онлайн кездесу өткізілді. Онлайн кездесу барысында шығармашылық емтихан тапсыру шарттары, талаптары, талапкердің шығармашылық жұмыстарын презентация жасау тәртібі, бағалау жүйесіне байланысты кеңестер айтылды.
Талапкерлердің түрлі бағыттағы сауалдарына факультет деканы Қ.Ө.Сақ, кәсіби бағдар жұмыстары бойынша жауапты М.Б.Тоқтағазин, Ә.Б.Смаилова, кафедра меңгерушілері Г.Әшірбекова, С.Дүйсенғазы, И.Рыстина жауап берді.

2021 жылдың 24 мамыр күні «Тәуелсіздік сарайында» Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің талапкерлермен кездесуі өтті. Кездесуде кафедраның кәсіби бағдарға жауапты оқытушысы Ә.Б.Смаилова кезекшілік жасап, кеңес берді.
2021 жылғы талапкерлер үшін шығармашылық емтихан талаптары жаңартылды. Қазіргі таңда «Оқу сауаттылығы» пәні бойынша – 15 балл, «Қазақстан тарихы» пәні бойынша – 20 балл, шығармашылық емтиханның әр кезеңінен – 45 балл жинақтап, шығармашылық емтиханның қорытынды баллы – 90 болып өзгертілді.

2020 жыл
2020 жылғы 12 қарашада журналистика және саясаттану факультетінің «Ашық есік күні» салтанатты шарасы өтті. Пандемия жағдайына байланысты шара онлайн форматта, факультеттің, кафедралардың YouTube платформасында трансляция жасалды.
Салтанатты шараға университет ректоры Е.Б.Сыдықовтың құттықтау видеосы көрсетіліп, оқу ісі жөніндегі проректор Е.А.Оңғарбаев қатысып, талапкерлерге сәттілік тіледі. Шара әрі қарай факульет деканы Қ.Ө.Сақ, кафедра меңгерушілерінің құттықтау сөздерімен жалғасты.
Баспасөз және баспа ісі кафедрасының 3-курс студенттері талапкерлерге білім беру бағдарламасы мен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жетістіктері туралы әңгімелеп берді.
ZOOM платформасында өткен видеоконференцияға барлығы 85 адам, YouTube платформасында 400 адам тікелей тамашалады. Талапкерлер тарапынан шығармашылық емтиханның қабылдануына байланысты сұрақтар қойылды. Барлық сұрақтарға нақты жауап берілді.
Кәсіби бағдар және тестілеу орталығының жетекшісі Ө.Ш.Кокаев қабылдау комиссиясының жұмыс тәртібі, ережелеріне байланысты жаңалықтарды таныстырды.
Материалдарға сілтеме: https://www.enu.kz/ru/info/novosti-enu/61290/
https://www.enu.kz/info/zhanalyktar/61289/

Баспасөз және баспа ісі кафедрасында өткен жұмысқа орналастыру жөніндегі іс-шаралар: құжатқа сілтеме
Түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша (бакалавриат/магистратура/докторантура) 2023-2024 оқу жылына арналған жұмыс жоспары: құжатқа сілтеме
2022-2023 жылдардағы түлектерді жұмысқа орналастыру туралы есеп: құжатқа сілтеме
Түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша (бакалавриат/магистратура/докторантура) 2022-2023 оқу жылына арналған жұмыс жоспары: құжатқа сілтеме
Жұмыспен қамту бойынша жұмыс берушілер базасы: құжатқа сілтеме
Жұмысқа орналастырылған түлектердің тізімі 2023 жыл: құжатқа сілтеме
Жұмысқа орналастырылған түлектердің тізімі 2022 жыл: құжатқа сілтеме
Жұмысқа орналастырылған түлектердің тізімі 2021 жыл: құжатқа сілтеме
Түлектерді жұмысқа орналастыру жөніндегі іс-шаралар 2022 жыл.pdf
Түлектерді жұмысқа орналастыру. Түйіндеме үлгісі.pdf
"Егемен Қазақстан" газетінің редакциялық алқасымен студенттердің кездесу
Жұмысқа орналастыру бойынша өткізілген іс шараларға сілтеме
Бос орындар жәрмеңкесі. 2022 жыл сілтеме



