
Медиакоммуникация және қоғаммен байланыс 2009 жылдың ақпанында университеттің Ғылыми кеңесінің шешімімен ашылды. Кафедраның басты мақсаты — заманауи медиа кеңістіктің сұраныстарына жауап бере алатын, цифрлық технологияларды еркін меңгерген және стратегиялық коммуникация саласында жоғары бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау. Қазіргі уақытта кафедра білім беру бағдарламаларын үш деңгейде дайындайды:
Бакалавриат:
6B03205 – Цифрлық медианы басқару
6В03214 – Қоғаммен байланыс
6В03206 – Спорт журналистикасы
Магистратура:
7М03214 – Қоғаммен байланыс
7М03212 – Цифрлық медиакоммуникация (бейінді)
Докторантура:
8D03214 – Қоғаммен байланыс
Кафедраның ғылыми және педагогикалық әлеуеті жоғары. Жалпы 20 штаттық бірлікті құрайтын құрамда 1 ҚР ҰҒА академигі, 1 ЖАК профессоры, 3 қауымдастырылған профессор (доцент), 2 ғылым докторы мен 5 ғылым кандидаты, 4 PhD докторы және 15 магистр қызмет етеді.
Кафедраның қалыптасу жолында елімізге белгілі ғалымдар мен білікті мамандар — Еуразия телевизия академиясының академигі, профессор Ғ.М. Шалахметов, филология ғылымдарының кандидаты, профессор Оңайгүл Ізтұрғанқызы Тұржан, филология ғылымдарының кандидаты, профессор Аязби Ақбергенұлы Бейсенқұлов, PhD, профессор Индира Садыбекқызы Рыстина, сондай-ақ филология ғылымдарының кандидаты, доцент Серікзат Мақсұтұлы Дүйсенғазы және PhD, доцент Дана Өмірбекқызы Байгожина түрлі жылдары жетекшілік етті. 2024 жылдың қыркүйегінен бастап кафедра тізгінін филология ғылымдарының кандидаты, профессор Гүлмира Шайтмағанбетқызы Әшірбекова қолға алып, абыроймен басқарып келеді.
Білім беру бағдарламаларын халықаралық стандарттарға сәйкестендіру мақсатында әлемдік жетекші университеттерден (Түркия, Оңтүстік Корея, Франция, Ресей, Қырғызстан) белгілі ғалымдар шақырылады. Бұл студенттердің жаһандық медиа трендтерді игеруіне және тәжірибе алмасуына мүмкіндік береді.
|
Кафедраның жылдық жоспары |
|
2025-2026 жұмыс жоспары |
|
2024-2025 жұмыс жоспары / есеп |
|
2023-2024 оқу жылы |

