
Баспасөз және баспа ісі кафедрасының магистранттары мен студенттерінің 2022-2023 оқу жылының бірінші жарты жылдығындағы ғылыми-зерттеу жұмысы магистранттар мен студенттердің оқу бағдарламасы аясында, сонымен қатар арнайы бағдарламалар бойынша жүзеге асырылды.
Баспасөз және баспа ісі кафедрасы 2022-2023 оқу жылына арналған студенттердің ғылыми-әдістемелік және олимпиадаларға қатысу іс-шаралары бекітілген.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Журналистика және саясаттану факультетінің ұйымдастыруымен «Біз біргеміз!» акциясы аясында «Әлемдік PR: өзектілігі және келешегі» атты халықаралық студент-жастардың ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференциясы өтті. https://www.enu.kz/info/zhanalyktar/59863/?sphrase_id=2684955
Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасы БАҚ және қоғаммен байланыс саласының жетекші мамандарымен бірлесіп «Қазақстандағы PR: білім беру, тәжірибе алмасу моделі» атты халықаралық онлайн ғылыми-тәжірибелік конференциясы аясында PR декадасы да өз мәресіне жетті. https://www.enu.kz/info/okigalar/61357/
Сонымен қатар, Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасы Қазақ әдебиеті кафедрасымен және Шәкәрім атындағы университеттің Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасымен бірлесе отырып, көрнекті әдебиеттанушы ғалым, ҚР ҰҒА академигі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Рымғали Нұрғалидың 80 жылдығына орай «Әдебиеттану ғылымының айқанатты арғымағы» атты халықаралық онлайн конференциясын өткізді. https://www.enu.kz/info/zhanalyktar/60204/?sphrase_id=2684967
