
ФАКУЛЬТЕТТІҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫ
2020-2021 оқу жылында баспасөз және баспа ісі кафедрасының магистранттары ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоспар бойынша ойдағыдай жүргізілді. Барлық магистранттардың диссертация тақырыптары бекітілген, жұмысының жопары бар және сол жоспар бойынша барлық магистранттар жұмыс жасады.
Жакупова Индира Жұмабекқызының магистрлік диссертациясының тақырыбы: «Алаш көсемсөзіндегі жанрлық ерекшеліктерінің теориялық және тәжірибелік аспектілері». Ғылыми жетекшісі Қ.М. Аллаберген. Жетекшімен құрған жоспар аясында теориялық және тәжірибелік жұмыстар жасаған. Теориялық жағынан М. Қойгельдиевтің «Алаш қозғалысы», Т. Жұртбайдың «Ұраным – Алаш», Н.Омашевтың басқаруымен шыққан 10 томдық «Алаш көсемсөзі», «Қазақ журналистикасы» (1-томы), Қ.Аллаберген, Ж.Нүсіпбайұлы, Ф.Оразайдың «Қазақ журналистикасының тарихы», Ү.Сұбханбердинаның «Қазақ», «Айқап», Т. Қожакеевтің «Жыл құстары», «Көк сеңгірлер», «Сара сөздің сардарлары», Қ.Сақтың «Ұлттық сана ұйытқысы», «Алаш мұрасы», «Алаш көсемсөзі» (3 томдық), Б.Жақып «Қазақ публицистикасының қалыптасу, даму жолдары» және т.б. Алаш тарихы мен көсемсөзі тарихына қатысты әдебиеттер, ұлттық мерзімді басылым беттерінде жарияланған материалдарды пайдаланған. Осы кезеңге дейін диссертация тақырыбы аясында бір ғылыми мақала мен бір портреттік очерк жарияланған.
Калкабекова Акбота Айбековна. Ғылыми жетекші - ф.ғ.д., профессор Тапанова Сәуле Есенбекқызы. Ғылыми зерттеу жұмысының тақырыбы: «Қазақстандағы интернет журналистиканың жанрлық ерекшеліктері және даму үрдісі» деп аталады.
Магистрлік жұмыс негізінде ғылыми жетекшімен жоспар құрылып, ғылыми еңбектермен жұмыс жүргізілген. Жоспар бойынша ғылыми жұмысымның бірінші бөлімінде «Қазақстандағы интернет журналистиканың қалыптасуы мен тарихы» қамтылып жазылған. Қазір басқа бөлімдер бойынша зерттеу жұмысы жүргізілуде екен. Ғылыми жұмыс аясында Журналистика және саясаттану факультеті Баспасөз және баспа ісі кафедрасының журналистика тарихы, теориясы мен практикасын зерттеуге арналған Республикалық тоқсандық журналда «Отандық интернет журналистиканың кейбір ерекшеліктері» атты мақала жарияланған. Ғылыми жұмысқа қатысты көп мәлімет орыс тіліндегі әдебиеттерде болғандықтан аударма жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда ғылыми жұмыстың 50% пайызы дайын екен.
Қараман Марфуға Бақытжанқызы Журналистика және саясаттану факультетінің 2 курс магистранты. Ғылыми жетекші профессор Меңдігүл Бұрханқызы Шиндалиева. Ғылыми зерттеу жұмысының тақырыбы: «БАҚ-тағы әлеуметтік жарнаманың тілдік, жанрлық, тақырыптық аспектілері».
Қазіргі заманда жарнама мәселесі психология, мәдениеттану, журналистика, саясаттану, экономика, лингвистика секілді түрлі білім салаларының назарын өзіне аударуда. Жарнама адам қызметінің барлық салаларына енген. Жарнама қажеттілігінің артуы оның экономика дамуында маңызды рөл ойнауына байланысты жарнаманың тағы бір бөлінісі әлеуметтік жарнама елімізде қарқынды түрде дамып келеді. Сондықтан бүгінгі таңда БАҚ-тағы әлеуметтік жарнаманың тілдік, жанрлық, тақырыптық аспектілерді саралап, халыққа қалай жеткенін зерттеу өте маңызды. Осыған орай ғылыми жұмысымның жоспарын құрдық. Ғылыми жұмыстың бірінші бөлімі «Бұқаралық коммуникация жүйесіндегі жарнама» деп аталады. Ол екі тармақшадан тұрады. Бірінші бөлімнің бірінші тармақшасы «Әлеуметтік жарнаманың пайда болуы, дамуы, қалыптасуы». Екінші тармақшасында «Әлеуметтік жарнаманың жанрлық, тақырыптық ерекшеліктері» туралы баяндалады. Бұл бағыттар бойынша зерттеу жұмысы жүргізіп жатыр. Аталған тақырыптар бойынша зерттеу жұмысы жүргізу үстінде. Оған қоса ғылыми жұмыс тақырыбы аясында үш мақала жарыққа шыққан.
«Гуманитарлық ғылымдағы ізденістер мен жаңалықтар» атты жинақ Докторанттар мен магистранттардың халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы материалдарының жинағында «Қазіргі жарнаманың тілі мен стиліне қойылатын талаптар» деген атпен мақала жарияланды. Зерттеу барысында аталмыш тақырып Қазақстанда өте аз зерттелген. Күн сайын өзгеріп отыратын ақпараттық қоғам, ғылыми зерттеулерде де жаңашылдықты талап етеді. Сондықтан біз «БАҚ-тағы әлеуметтік жарнаманың тілдік, жанрлық, тақырыптық аспектілерді» қазіргі әлеуметтің әлеуметін арттыратын жарнамалар мен олардың берілу аясымен байланыстырып ғылыми зерттеу жүргіземіз. Ғылыми зеттеу жұмысымның барысында 1.Кенжебекова Н.А. Қазіргі жарнаманың өзіндік ерекшелігі. ҚазМУ хабаршысы. №9. – Алматы: 2002.2. Шындалиева М.Б. БАҚ-тағы жарнама технологиясы. – Астана: Өркен, 2010.3. Хромов Л. Н. Рекламная деятельность: искусство, теория, практика. – М.: 2008.т.б зеттеуші, ғалымдардың еңбектеріне жүгіне отырып ғылыми жұмыс жүргізілген. Жалпы айтқанда зерттеу жұмысымның 50% пайызы дайын екен.
Кұлшманов Айсұлтан диссертация тақырыбы бойынша көп жұмыс істеген. Ғылыми жетекшісі А.О.Есдаулетов. Мынадай ғылыми-зерттеу мақалалары жарияланған: 1.«Креолизованный текст и новые формы подачи текста». Сборник докладов научно-практической конференции «Евразийство в контексте книжной культуры и гуманитарсного сотрудничества» (Астана, 2016.-С.229-236). 2. Функции визуальных элементов в креолизованном медиатексте // Журналист. Редактор. Издатель. (Астана, 2016.-С. 149-152). 3. Особенности фотографии в современных СМИ. Сб. МГУ, Москва.
