
КОНФЕРЕНЦИЯЛАР МЕН СЕМИНАРЛАР
Көрнекті ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор Қырықбай Мазанұлы Аллабергеннің 70 жылдығына арналған «ҚЫРЫҚБАЙ АЛЛАБЕРГЕН ЖӘНЕ АЛАШ МҰРАСЫН ЗЕРТТЕУ ПАРАДИГМАЛАРЫ» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдарына сілтеме. Журналды оқу үшін осы сілтемені басыңыз
2020 жылдың 11 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің гранттық қаржыландыру жобасы шеңберінде «Орталық Азия және пандемиядан кейінгі "Белдеу және жол" бастамасы: мүмкіндіктер мен тәуекелдер» тақырыбында Халықаралық ғылыми-сараптамалық форум өтті. Басқосуға танымал отандық және шетелдік ғалымдар, сарапшылар, мамандар, докторанттар мен магистранттар қатысып, аймақтық проблемалар жөніндегі зерттеулерімен таныстырды. https://fjp.enu.kz/post/mezhdunarodnyj-nauchno-ekspertnyj-forum-na-temu-central-naya-aziya-i-iniciativa-poyas-i-put-posle-pandemii-vozmozhnosti-i-riski-
30 қараша күні Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті журналистика және саясаттану факультетінің «Жас ғалымдар кеңесі» «Студенттердің ғылыми қоғамы» студенттік өзін-өзі басқару ұйымымен бірлесіп бакалавриат білім алушыларына арналған «Студенттік ғылым: теориядан практикаға» атты онлайн вебинар ұйымдастырды.
