
ӘЛЕУМЕТТАНУ КАФЕДРАСЫ
Жетістіктер
Жетістіктер
Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің KPI пилоттық жобасы аясында 2016 жылы әлеуметтану кафедрасынан "Үздік доцент" позициясына кафедраның доценттері П. ғ. к. Урузбаева Г. Т., PhD Есимова Д. Г., сонымен қатар "үздік аға оқытушы" кафедраның аға оқытушысы Уашева А. К., Отар Э. С. танылды.
Қарағанды мемлекеттік университетінің базасында Е. А. Бөкетов атындағы ҚарМУ 5В090500-"Әлеуметтік жұмыс"мамандығы бойынша XI Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті. 2017-2018 оқу жылында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде студенттер арасында өткен олимпиададан «Поколение Z командасы 2- орынға ие болды. Команда құрамында 3-4 курс студенттері «Әлеуметтану-41» Алдияров Мадьяр, «Әлеуметтану-31» Аханова Жансая, Темирлан Толеу, Кудеринов Алемхан, Кисаева Айгерим, Баймаханов Азамат.
Команданың ғылыми жетекшісі ф.ғ.к., доцент м.а. Абетова Зейнеп Төлегеновна. Сонымен қатар, "5В090500- әлеуметтік жұмыс" мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттері арасында өткізілген Х Республикалық пәндік олимпиадасында "әлеуметтік жұмыс" мамандығының "Елорда жастары" командасы III орынға ие болды. Команда жетекшісі - Әлеуметтану кафедрасының аға оқытушысы Динара Оңғаровна. Команда құрамында Балтабай Ережеп, Жансая Дүйсенбай, Мұстафа Назерке. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры ұйымдастырған IV Республикалық студенттік фестивал «Тірегі сендер елімнің» «Жас толқын» студенттік олимпиадасында «Елорда жастары» командасы 2- орынға ие болды. Команда жетекшісі доктора PhD Исаханова Асель Алимахановна. Команда құрамында: Зәкіртай Ұлжан, Жолдасым Айдын, Жұмасат Тұрсынбек, Куандыков Нурислам, Садуахасова Диана. Cтуденттер мен жас ғалымдардың «Ғылым және білім - 2018» атты XІІI халықаралық ғылыми конференциясында: 1- орын Бексұлтанқызы И.А. "Әлеуметтану" мамандығының магистрі, 2 - орын Жансая Дүйсенбай, Шайлазова Ә.Қ., Мұстафа Н. А. "Әлеуметтік жұмыс" мамандығының 3 курс студенттері, 3 - орын Шайлазова Ә.Қ. "Әлеуметтік жұмыс" мамандығының 3- курс студенті. 2017-2018 оқу жылында "5В090500- әлеуметтік жұмыс" мамандығының 4 - курс студенті Жақсылық Мағжан өзінің дипломдық жұмысының негізінде университет ішінде "Eurasıan busıness school " клубын ашты. Қазіргі таңда клубтың 200 ден астам мүшесі бар.
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттері арасында университет деңгейінде 64-шаршылы дойбыдан турнир болып өтті. Жарысты ұйымдастырушы әлеуметтану кафедрасының аға оқытушысы, спорт шебері Капин Б. Әлеуметтану кафедрасы 2017 жылы 8 желтоқсанда нақты уақыт аралығында телемост арқылы Халықаралық әлеуметтанушылар марафонын атап өтті. Кафедрада аталған шараның жауапберуші модераторы болып ә.ғ.к. Р.С. Салықжанов өзінің сөзінде атап өтті: «Әлеуметтанушылар марафоны – білім беру семинарының жаңа форматы, әр түрлі ауданнан жас зерттеушілерге бірегей мүмкіндік, нақты уақыт аралығында телемост арқылы қатысушы ретінде жетекшілермен кәсіби диалогта болу ». Әлеуметтану кафедрасының тыңдаушылары зерттеу саласының алдыңғы қатарлы мамандармен тікелей танысты, өзекті мәселелерге жауап алды. 2017 жылдың 27-30 қараша аралығында Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің әлеуметтану кафедрасы Қазақстан Республикасындағы БҰҰ-ның Балалар қоры өкілділігімен (ЮНИСЕФ) бірлесіп мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері және ҚР ЖОО-да «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша ББ құрастырып жүзеге асыратын ОПҚ –на арналған «5B/6M090500 - Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша білім беру бағдарламаларын әзірлеу және енгізу» атты халықаралық жобасының аясында күзгі мектеп өтті. Халықаралық жоба аясында қатысушыларды тренингтік дағдыларға оқыту тықырыбында семинарды әлеуметтік жұмыс саласындағы халықаралық сарапшылар: профессорлар Вероника Дучи мен Изела Тахсин (Албания, Тирана, Тирана университеті) жүргізді.
Семинардың барысында тренер болудың жолдары, тренердің сипаттамасы, тренингті жүргізу барысындағы қиындықтар, тренингтің әдістері, тренингке дайындалу сияқты сұрақтар қарастырылды. Күзгі мектептің жұмысы барысында қатысушылар мен мамандардың көмегімен келесі құрастырылған модульдер тестіленді және талқыланды: «Әділ сот жүйесіндегі әлеуметтік жұмыс» - әлеуметтану кафедрасының аға оқытушысы, әлеуметтік жұмыс ғылымының магистрі Кудабеков Медет Максутович. «Әлеуметтік жұмыс технологилары», «Үрей, қорқыныш, мотивтер мен шиеліністерді басқару» - Л.Н.Гумилев атындағы ЕНУ-нің докторанты, психология ғылымының магистрі Манасбаева Арай Исембаевна. «Әлеуметтік жұмыстағы супервизия» - әлеуметтану кафедрасының доцент м.а., PhD докторы Есимова Динара Габиболлаевна. «Балардың заңмен шиеленісте болуының себептері» - әлеуметтану кафедрасының доценті, ә.ғ.к. Салыкжанов Рамазан Саттарович.
