
Практика және еңбекпен қамту (психология)
ТӘЖІРИБЕДЕН ӨТУ
6В03103 - Психология, 7М03103 - Психология, 7M03110 - Дағдарыс психологиясы, 7М03113 - Клиникалық психология, 8D03103 - Психология мамандықтары бойынша кәсіптік практикалар оқу процесінің бөлігі болып табылады және білім алушылардың одан әрі кәсіптік қызметі үшін қажетті практикалық тәжірибе мен дағдылардын қалыптасуына бағытталған.
Тәжірибе түрлері:
- Оқу практикасы. Білім алушылардың оқу практикасының мақсаты оқыту процесінде алынған теориялық білімді бекіту мен тереңдетуді, зерттеу қызметінің алғашқы дағдыларын алуды қамтитын бастапқы кәсіби құзыреттерді меңгеру болып табылады.
- Өндірістік тәжірибе. Өндірістік практиканың мақсаты кәсіби құзыреттерді бекіту, кәсіби қызметтің практикалық дағдылары мен тәжірибесін алу болып табылады.
- Өндірістік (психодиагностикалық) практика. Студенттердің өндірістік (психодиагностикалық) практикасының мақсаты кәсіби құзыреттіліктерді бекіту, практикалық дағдылар мен психодиагностикалық қызмет тәжірибесін меңгеру болып табылады.
- Диплом алдындағы практика. Диплом алдындағы практиканың мақсаты-диплом жұмысын жазуды аяқтау.
- Зерттеу практикасы. Магистранттың / докторанттың зерттеу практикасы отандық және шетелдік ғылымның жаңа теориялық, әдіснамалық және технологиялық жетістіктерімен, ғылыми зерттеулердің заманауи әдістерімен, эксперименттік деректерді өңдеу және интерпретациялаумен танысу мақсатында жүргізіледі.
Келісім шарттар:
-
«Астана интегративті және отбасылық психология институты» ЖШС (кафедра филиалы).
-
«Жас Кемеңгер» білім беру академиясы» ЖШС.
-
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Апаттар медицинасы орталығы» ММ.
-
Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті» ММ.
-
«Педагогтар мен психологтар академиясы» ЖШС.
-
«Құқық» қоғамдық қоры («Шанс» – кәмелетке толмағандарға әлеуметтік-құқықтық қолдау орталығы).
-
Назарбаев Зияткерлік мектептері (бакалавриат, магистратура).
-
Физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі.
-
«Н. Назарбаевтың конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту орталығы» КЕАҚ.
-
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 6636 әскери бөлімі» РММ.
-
Астана қаласы әкімдігінің №5 қалалық емханасы ( «Психология» білім беру бағдарламасы).
-
Астана қаласы әкімдігінің №6 қалалық емханасы» ШЖҚ МКК.
-
«Сенім» психологиялық-педагогикалық түзету орталығы («Психология» білім беру бағдарламасы).
-
«Родники» абилитациялық практикалар мектебі» жеке кәсіпкерлігі.
-
«SOS Астана балалар ауылы» КЕАҚ.
-
«INDIVID 2015» ЖШС «Жас Ұрпақ» («Психология» білім беру бағдарламасы бойынша бакалавриат, магистратура).
-
Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты.
-
Қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ.
-
«CRYSTAL» ми стимуляциясы орталығы» жеке кәсіпкерлігі.
-
Астана қаласы әкімдігінің №27 мектеп-лицейі» КММ.
-
Астана қаласының №38 мектеп-лицейі.
-
Астана қаласы әкімдігінің №59 мектеп-лицейі» ШЖҚ МКК.
-
«Қорғау Астана» жеке қоры (бакалавриат).
-
Астана қаласының Ұлттық балаларды оңалту орталығы» КЕАҚ.
-
«Бал-бөбек – 2009» балабақшасы» ЖШС.
-
«Алуа бала» ЖШС.
-
Астана қаласы Байқоңыр аудандық соты.
-
Астана қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты (бакалавриат, магистратура).
-
Бекишева жеке кәсіпкерлігі (балаларға арналған түзету-дамыту орталығы, бакалавриат).
-
«PRO-ABA» түзету орталығы.
-
Астана қаласының қалалық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ МКК.
-
«Менің жаңғыруым» психологиялық орталығы» жекеменшік мекемесі, Астана қаласы.
-
«Komek centre» ЖШС.
-
Астана қаласының «Үміт» дағдарыс орталығы» КММ («Психология» білім беру бағдарламасы).
-
«Сенім» оқу-өндірістік психологиялық кешені.
-
«Hi-Astana» білім беру орталығы.
-
«Астана халықаралық университеті» ЖШС (магистратура, докторантура).
-
Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайы.
-
А. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты.
-
«Л.М. Бережді өмір мектебі» жеке кәсіпкерлігі.
-
Астана қаласы әкімдігінің Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейі» ШЖҚ МКК.
-
Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің филиалы.
-
«Шам-шырақ» түзету-дамыту орталығы» жеке кәсіпкерлігі.
-
Қазақстан Республикасы Әуе қорғаныс күштерінің бас қолбасшылығы.
-
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5573 әскери бөлімі.
-
«Ана үйі» қоғамдық қоры.
-
Сауғабаева жеке кәсіпкерлігі («Dara Kids» балаларға арналған түзету орталығы).
-
Алматы қаласы спорт басқармасының «Спортта дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» МКҚК.
-
«Астана медицина университеті» КЕАҚ.
-
Қарағанды қаласының №1 көпбейінді ауруханасы.
-
Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы
«Облыстық психикалық денсаулық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны. -
Астана қаласы әкімдігінің «Көпбейінді медициналық орталығы» ШЖҚ МКК.
-
«Бақытты шаңырақ» қоғамдық қоры.
-
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің дипломатиялық өкілдіктерді қорғау жөніндегі мамандандырылған күзет қызметі басқармасы.
-
«Радость 2013» ЖШС.
-
«Bolashak Charity» қоғамдық қоры.
-
«Психологиялық қолдау орталығы» КММ.
-
Исатай Сүйеубаев атындағы №8 жалпы білім беретін мектебі» КММ.
-
«Balausa» даму орталығы «Болат» жеке кәсіпкерлігі.
-
«Soul Clinic» ЖШС.
Барлық келісім шарттарға сілтеме: https://drive.google.com/drive/folders/1_veglvQqs6C2_0tfWEx-mCKkUbv8CcqL?usp=sharing
ТҮЛЕКТЕРДІ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУДЫ МОНИТОРИНГІЛЕУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ЖҮЙЕСІ
Кафедрада түлектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу бойынша жүйелі жұмыс жүргізіледі: еңбек нарығы зерделенеді, бос жұмыс орындарының базасы іздестіріліп, үнемі жаңартылып отырады, кәсіпорындар, ұйымдар және білім беру мекемелерінің өкілдерімен ынтымақтастық ұйымдастырылады. «Психология» кафедрасы түлектерінің табысты жұмысқа орналасуы мен кәсіби қызметінің маңызды факторы – олардың жұмыспен қамтылуы мен мансаптық дамуын жыл сайынғы мониторингілеу болып табылады.
Түлектердің кәсіби қызметін мониторингілеу тетіктеріне сауалнама жүргізу, әлеуметтік желілер, электрондық пошта және мессенджерлер арқылы кері байланысты қолдау, сондай-ақ жеке кездесулер мен келіссөздер жатады. Л.Н. Гумилёв атындағы ЕҰУ-де түлектерге қолдау көрсету және олардың кейінгі кәсіби әрі мансаптық дамуын қамтамасыз ету мақсатында Түлектер қауымдастығы жұмыс істейді.
«Психология» кафедрасының меңгерушісі Алия Сактагановнаның ұйымдастыру және жоспарлау бөлімі жұмысының жалпы жоспары негізінде, сондай-ақ түлектер тізіміне сүйене отырып, жыл сайын жұмысқа орналастыру бойынша іс-шараларды жоспарлап, оларды кафедраның жұмыс жоспарына енгізеді. Кафедра білім алушыларды таңдаған мамандығы бойынша болашақ кәсіби қызмет мүмкіндіктерімен таныстыру мақсатында жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша кураторлық сағаттарды міндетті түрде өткізеді.
«6B03103 Психология» білім беру бағдарламасының барлық түлектері бойынша Platonus ақпараттық жүйесінде олардың бөлінуі туралы деректер банкі қалыптастырылады, оған ұйымның атауы мен мекенжайы, сондай-ақ болжамды лауазымы туралы мәліметтер енгізіледі. Жедел байланыс үшін түлектердің электрондық пошта мекенжайларының базасы жасақталады. Кері байланыс хат алмасу, келіссөздер, кездесулер, электрондық пошта және ағымдағы және өткен жылдар түлектеріне сауалнама жүргізу арқылы қамтамасыз етіледі. Түлектердің жұмысқа орналасуына қанағаттану деңгейін талдау алдыңғы жылдар түлектерінің сауалнамаларының деректері негізінде жүргізіледі.
Түлектермен тұрақты байланыстарды сақтау университеттік Түлектер қауымдастығының қызметі, түлектердің деректер базасын қалыптастыру және жаңарту, сондай-ақ түлектер форумын жыл сайын өткізу арқылы жүзеге асырылады.
Түлектердің мансаптық даму көрсеткіштері
6B03103 – Психология және 7M03103 – Психология, 7М03110 - Дағдарыс психологиясы, 7М03113 - Клиникалық психология, 8D03103 - Психология білім беру бағдарламалары бойынша 2020–2021, 2021–2022, 2022–2023, 2023–2024 және 2024–2025 оқу жылдарында оқуын аяқтаған түлектер Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінде әртүрлі бағыттар бойынша табысты жұмысқа орналасып, кәсіби қызметін жүзеге асыруда.
Түлектер келесі салаларда қызмет атқарады:
-
білім беру саласында (жалпы білім беретін мектептер, арнайы оқу орындары, колледждер, институттар және жоғары оқу орындары);
-
денсаулық сақтау ұйымдарында (қалалық емханалар мен ауруханалар);
-
құқық қорғау саласында (психолог-полиграфологтар);
-
өнеркәсіптік кәсіпорындарда;
-
жеке психологиялық және түзету орталықтарында, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істейтін мекемелерде.
Аталған оқу жылдары бойынша жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша түлектердің жұмысқа орналасу деңгейі 95%-ды құрайды, сонымен қатар түлектердің тұрақты оң мансаптық өсуі және кәсіби өзін-өзі жүзеге асыруының жоғары деңгейі байқалады.
Smart ENU цифрлық экожүйесі мен Platonus ақпараттық жүйесі аясында келесілер қамтамасыз етіледі:
-
түлектердің деректер базасын қалыптастыру және өзектендіру;
-
жұмысқа орналасу туралы ақпаратты жинау және талдау;
-
түлектерге онлайн-сауалнама жүргізу;
-
білім алушыларды бос жұмыс орындары, мансаптық іс-шаралар мен тағылымдамалар туралы ақпараттандыру;
-
кафедра, түлектер және жұмыс берушілер арасындағы жедел өзара іс-қимыл.
Цифрлық платформаларды пайдалану жұмысқа орналастыру мониторингінің тиімділігін арттырып, түлектердің мансаптық траекторияларының ашықтығын және білім беру мен кәсіби үдерістің барлық қатысушылары арасындағы өзара іс-қимыл сапасын жақсартады.
ТҮЛЕКТЕРДІҢ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУ САЛАЛАРЫ
2020-2021, 2021-2022, 2022-2023, 2023-2024, 2024-2025 оқу жылдары аралығында «Психология» білім беру бағдарламасына сәйкес бітіруші түлектердің мансаптық өсуінің көрсеткіші

ТҮЛЕКТЕРДІ ЕҢБЕКПЕН ҚАМТУ
2024-2025 жж. бітірушілерді жұмысқа орналастыру туралы ақпарат:
| Кафедра/мамандық | Түлектер (келісім-шарт +грант) | Жұмыспен қамтылғандар (келісім-шарт +грант) | % Жұмыспен қамтылғандар(келісім-шарт +грант) | Түлектер(грант) | Жұмыспен қамтылғандар (грант) | % Жұмыспен қамтылғандар(грант) |
| Психология B041 | 64 | 54 | 84,3% | 57 | 50 | 88% |
| Психология M066 | 24 | 24 | 100% | 24 | 24 | 100% |
| Психология D066 | 4 | 4 | 100% | 4 | 4 | 100% |
| Жалпы | 92 | 82 | 90% | 85 | 78 | 91,7% |
2023-2024 жж. бітірушілерді жұмысқа орналастыру туралы ақпарат:
| Кафедра/мамандық | Түлектер (келісім-шарт +грант) | Жұмыспен қамтылғандар (келісім-шарт +грант) | % Жұмыспен қамтылғандар(келісім-шарт +грант) | Түлектер(грант) | Жұмыспен қамтылғандар (грант) | % Жұмыспен қамтылғандар(грант) |
| Психология B041 | 51 | 43 | 84% | 39 | 37 | 95% |
| Психология M066 | 19 | 19 | 100% | 19 | 19 | 100% |
| Психология D066 | 9 | 9 | 100% | 9 | 9 | 100% |
| Жалпы | 79 | 71 | 84% | 60 | 58 | 97% |
2022-2023 жж. бітірушілерді жұмысқа орналастыру туралы ақпарат:
| Кафедра/мамандық | Түлектер (келісім-шарт +грант) | Жұмыспен қамтылғандар (келісім-шарт +грант) | % Жұмыспен қамтылғандар(келісім-шарт +грант) | Түлектер(грант) | Жұмыспен қамтылғандар (грант) | % Жұмыспен қамтылғандар(грант) |
| Психология B041 | 48 | 40 | 83% | 44 | 40 | 91% |
| Психология M066 | 18 | 18 | 100% | 17 | 17 | 100% |
| Психология D066 | 5 | 5 | 100% | 5 | 5 | 100% |
| Жалпы | 71 | 63 | 89% | 66 | 62 | 94% |
2021-2022 жж. бітірушілерді жұмысқа орналастыру туралы ақпарат:
| Кафедра/мамандық | Түлектер (келісім-шарт +грант) | Жұмыспен қамтылғандар (келісім-шарт +грант) | % Жұмыспен қамтылғандар(келісім-шарт +грант) | Түлектер(грант) | Жұмыспен қамтылғандар (грант) | % Жұмыспен қамтылғандар(грант) |
| Психология B041 | 38 | 38 | 100% | 31 | 31 | 100% |
| Психология M066 | 24 | 24 | 100% | 24 | 24 | 100% |
| Жалпы | 62 | 62 | 100% | 55 | 55 | 100% |
2020-2021 жж. бітірушілерді жұмысқа орналастыру туралы ақпарат:
| Кафедра/мамандық | Түлектер (келісім-шарт +грант) | Жұмыспен қамтылғандар (келісім-шарт +грант) | % Жұмыспен қамтылғандар(келісім-шарт +грант) | Түлектер(грант) | Жұмыспен қамтылғандар (грант) | % Жұмыспен қамтылғандар(грант) |
| Психология B041 | 26 | 26 | 100% | 25 | 15 | 100% |
| Психология M066 | 23 | 23 | 100% | 23 | 23 | 100% |
| Жалпы | 49 | 49 | 100% | 38 | 38 | 100% |
2019-2020 жж. бітірушілерді жұмысқа орналастыру туралы ақпарат:
| Кафедра/мамандық | Түлектер (келісім-шарт +грант) | Жұмыспен қамтылғандар (келісім-шарт +грант) | % Жұмыспен қамтылғандар(келісім-шарт +грант) | Түлектер(грант) | Жұмыспен қамтылғандар (грант) | % Жұмыспен қамтылғандар(грант) |
| Психология 5B050300 | 21 | 15 | 71% | 15 | 13 | 87% |
| Психология 6M050300 | 25 | 25 | 100% | 25 | 25 | 100% |
| Жалпы | 46 | 40 | 96% | 40 | 38 | 95% |
2018-2019 жж. бітірушілерді жұмысқа орналастыру туралы ақпарат:
| Кафедра/мамандық | Түлектер (келісім-шарт +грант) | Жұмыспен қамтылғандар (келісім-шарт +грант) | % Жұмыспен қамтылғандар(келісім-шарт +грант) | Түлектер(грант) | Жұмыспен қамтылғандар (грант) | % Жұмыспен қамтылғандар(грант) |
| Психология 5B050300 | 24 | 21 | 88% | 22 | 20 | 91% |
| Психология 6M050300 | 1 | 1 | 100% | 1 | 1 | 100% |
| Жалпы | 25 | 22 | 88% | 23 | 21 | 91% |
2017-2018 жж. бітірушілерді жұмысқа орналастыру туралы ақпарат:
| Кафедра/мамандық | Түлектер (келісім-шарт +грант) | Жұмыспен қамтылғандар (келісім-шарт +грант) | % Жұмыспен қамтылғандар(келісім-шарт +грант) | Түлектер(грант) | Жұмыспен қамтылғандар (грант) | % Жұмыспен қамтылғандар(грант) |
| Психология 5B050300 | 24 | 23 | 96% | 21 | 20 | 95% |
| Психология 6M050300 | 3 | 3 | 100% | 3 | 3 | 100% |
| Жалпы | 24 | 23 | 96% | 21 | 20 | 95% |
