
Алматы қаласында 2025 жылғы үздік оқытушылары марапатталды



Алматы қаласында отандық ғылым мен жоғары білімнің дамуына елеулі үлес қосқан ғалымдар мен жоғары оқу орындарының оқытушыларын салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті. Соның ішінде «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағы 150 оқытушыға табысталды.
Марапатталғандар қатарында Журналистика және әлеуметтік ғылымдар жоғары мектебі Психология кафедрасының қауымдастырылған профессоры Байжуманова Бибианар Шаймерденова да бар. Құрметті марапатты Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев табыстады.
Шара барысында министр Саясат Нұрбек барлық жеңімпаздарды құттықтап, еліміздің білім мен ғылым саласын дамыту жолында аянбай еңбек етіп жүрген оқытушылар мен ғалымдардың кәсіби шеберлігі мен еңбегін ерекше атап өтті.
Қауымдастырылған профессор Бибианар Шаймерденованы жоғары марапатымен шын жүректен құттықтап, алдағы ғылыми-педагогикалық қызметіне табыс тілейміз.
