
Журналистика бойынша PhD докторы Богдан Петровты құттықтаймыз!

2026 жылғы 24 қаңтар күні Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «8D032 – Журналистика және ақпарат» («6D050400 – Журналистика», «8D03204 – Журналистика») кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесінің отырысы өтті. Докторант Богдан Петров «Заманауи Қазақстанның ұлттық бірегейлігін қалыптастырудағы БАҚ рөлі» тақырыбындағы диссертациялық жұмысын таныстырып, сәтті қорғады.
Диссертациялық кеңестің отырысы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы Бауыржан Омаровтың төрағалығымен өтті. Отырыс барысында докторанттың диссертациялық жұмысы жан-жақты талқыланды. Отырысқа беделді ғалымдар мен сарапшылар – Зарема Шаукенова, Елена Дудинова, Алуа Жолдыбалина, Наталья Калашникова, Азиз Бурханов, Талгат Калиев, Дмитрий Гавра қатысты.
Сондай-ақ жұмысқа ғылыми кеңесшілер – филология ғылымдарының кандидаты Айтмұханбет Есдаулетов және итальяндық профессор, PhD Алессандро Фигус өз бағаларын берді.
Талқылау барысында докторант Богдан Петровқа мазмұнды сұрақтар қойылып, конструктивті ғылыми пікірталас өтті.
Диссертациялық кеңес мүшелері мен ресми рецензенттердің онлайн-дауыс беру қорытындысы бойынша Богдан Петровқа «8D03204 – Журналистика» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесі берілді. Оны шын жүректен құттықтай отыра, алдағы ғылыми қызметіне табыс тілейміз!
