
Халықаралық қатынастардың дамуы мен тәжірибе алмасу Журналистика және саясаттану факультеті оқытушыларының, студенттерінің, магистранттары мен докторанттарының халықаралық конференцияларға, шет мемлекеттердегі ғылыми жобаларға және халықаралық ғылыми қоғамдастыққа қатысуына ықпал етеді. Факультет қазақстандық және шетелдік серіктес университеттермен, ғылыми-зерттеу институттарымен, мемлекеттік органдармен және әртүрлі оқу орындарымен тығыз ынтымақтастық құрды.
Журналистика және саясаттану факультетінің халықаралық ынтымақтастық жұмысы басты 3 бағытта жүргізіледі:
• Академиялық ұтқырлық (келуші, шығушы)
• Шетелдік профессорларды шақыру
• Көп тілділік
