
НЕГЕ ЖӘҒФ?
Журналистика және әлеуметтік ғылымдар факультетінде ғылым саласының бай дәстүрі сақталған. Мұнда заман талабына сай озық технология, теле-радиостудиялар мен соңғы үлгідегі оқу-әдістемелік кешендер пайдаланылады.
Шеберлік сабақтарын кеңінен танымал журналистер мен саясаттанушылар: қоғам және мемлекет қайраткері, саяси ғылымдарының докторы, профессор Қуаныш Сұлтанов, «Мир» мемлекетаралық телерадиокомпаниясының бірінші президенті Ғаділбек Шалахметов, «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ Президенті Сауытбек Абдрахманов, «Казахстанская правда» газетінің басқарма төрағасы Владимир Пащенко, танымал тележұлдыз Рабиға Аманжолова, майталман журналист Шархан Қазағұлов, алаштанушы-ғалым Қайрат Сақ, Айтмұхамбет Есдәулетов, СәулеТапанова, Асима Ишанова, Оңайгүл Тұржан, Серікзат Дүйсенғазы, Мұратбек Тоқтағазин саяси ғылымдарының докторлары, профессорлар: Венера Жексембекова, Жаңылжан Жүнісова, Наубат Қалиев, Марал Қалиева, Роза Нұртазиналар және тағы басқа білім береді.
Факультетте ҚР Жоғары Мектеп ҰҒА 3 академигі, Журналистика академиясының 4 академигі, 12 ғылым докторы, 24 ғылым кандидаты, 5 РҺD докторы, ҚР «Жоғарғы оқу орнының үздік оқытушысы» грантының 4 иегері, 1 ҚР еңбек сіңірген қайраткері, 4 ҚР мәдениет қайраткері қызмет етеді.
