
ОҚУҒА ТҮСУГЕ АРНАЛҒАН ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ
Білім беру гранттарын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар тізбесі
Мемлекеттік білім грантын алу және ЖОО-на түсу үшін конкурсқа қатысуға арналған құжаттар тізімі: (ҰБТ-дан соң)
Конкурсқа қатысу үшін 23-31 шілде аралығында төмендегі құжаттар қабылданады:
1. ректордың атына өтiнiш;
2. жалпы орта білім туралы аттестат немесе кәсіптік бастауыш туралы немесе орта кәсіптік білім туралы диплом (түпнұсқа);
3. жалпы орта білім туралы аттестат немесе кәсіптік бастауыш туралы немесе орта кәсіптік білім туралы диплом (көшірме);
4. ҰБТ немесе кешендi тестiлеу сертификаты (түпнұсқа);
5. ҰБТ немесе кешендi тестiлеу сертификаты (көшірме);
6. 3х4 көлемiндегi 8 фотосурет,
7. 086-У нысанындағы медициналық анықтама;
8. флюорография түсірмесінің көшірмесі;
9. 063 формасындағы егу картасының көшірмесі;
10. жеке куәлік көшірмесі;
11. тіркелу куәлігі көшірмесі (ер балалар үшін);
12. 1 құжат тігілетін мұқаба (скоросшиватель), 3-файл, 1-конверт (А5).
Шығармашылық мамандықтарға өтініштер қабылдау 20 маусым 7 шілде аралығында.
Шығармашылық мамандықтар:
5В050400 – «Журналистика»
5В042200 – «Баспа ісі»
5В051400 – «Қоғамдық байланыс»
Шығармашылық емтихандар 8-13 шілде аралығында жүргізіледі.
Педагогикалық мамандықтар бойынша арнайы емтихандарға өтініштер қабылдау және емтихан өткізу 20 маусым мен 18 тамыз аралығында жүргізіледі.
Білім грантының куәлігі 15 тамыздан беріледі.
ЖОО-на қабылдау тамыздың 10-ы мен 25-і аралығында жүргізіледі
КЕШЕНДІ ТЕСТІЛЕУГЕ ҚАТЫСУ ҮШІН ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ
(1 маусынан 20 маусым аралығы)
1. Белгіленген үлгідегі ректордың атына жазылған өтініш;
2. Аттестат немесе жалпы орта, техникалық және кәсiптiк (бастауыш немесе орта кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi) оқу орнын бiтiргенi туралы диплом (түпнұсқа);
3. Тестiлеудi өткiзу үшiн ақы төлегенi туралы түбiртек;
4. 3х4 өлшемдегi 2 фотосурет;
5. 086-У нысанындағы медициналық анықтама;
6. Жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі;
7. 1 құжат тігілетін мұқаба ( скоросшиватель), 3-файл, 1-конверт (А5);
8. «Журналистика», «Баспа ісі», «Қоғаммен байланыс» мамандықтары бойынша шығармашылық емтихан тапсыру үшін өтініш.
Шығармашылық мамандықтарға өтініштер қабылдау 7 шілдеге дейін.
Шығармашылық мамандықтар:
5В050400 – «Журналистика»;
5В042200 – «Баспа ісі»;
5В051400 – «Қоғамдық байланыс».
Шығармашылық емтихандар 8-13 шілде аралығында жүргізіледі.
Педагогикалық мамандықтар бойынша арнайы емтихандарға өтініштер қабылдау және емтихан өткізу 20 маусым мен 18 тамыз аралығында жүргізіледі.
Білім грантының куәлігі 15 тамыздан беріледі.
ЖОО-на қабылдау тамыздың 10-ы мен 25-і аралығында жүргізіледі.
