
ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ
Оқу бағдарламалары
Журналистика және әлеуметтік ғылымдар факультетінде келесі бағыттар бойынша мамандар даярланады:
Бакалавриат:
Бакалавриат:
-
6B03205 — Менеджмент цифровых медиа
-
6В03214 — Связи с общественностью
-
6В03206 — Спортивная журналистика
Магистратура:
-
7М03214 — Связи с общественностью
Докторантура:
-
8D03214 — Связи с общественностью
5В050400 – Журналистика (таңдау пәндері – қазақ тілі, Қазақстан тарихы, 2 шығармашылық емтихан)
5В042200 – Баспа ісі (таңдау пәні – 2 шығармашылық емтихан)
5В051400 – Қоғаммен байланыс (таңдау пәні - 2 шығармашылық емтихан)
Магистратура (профильді және ғылыми-педагогикалық):
6М050400 – Журналистика
6М051400 – Қоғаммен байланыс
PhD докторантурасы:
6D050400 – Журналистика
РҺD докторантурасы бағдарламасы Бельгия, Ұлыбритания, Германия, Испания, Латвия, Нидерланды, Ресей, Франция, Швеция, Эстония, Италия, Израиль,
Жапония, Корея, АҚШ, Канада, Аргентина, Бразилия, Түркия, Үндістан, Қытай, Украина, Ирландия, Австрия, Польша, Болгария сияқты алдыңғы қатарлы шетелдік жоғарғы оқу орындарымен бірлесе отырып жүзеге асады.
Факультетте телерадио және қоғаммен байланыс, баспасөз және баспа ісі, саясаттану атты үш кафедра жұмыс істейді
Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасы 2009 жылдың 26 ақпанында құрылған.
Кафедра меңгерушісі – Байғожина Дана Өңірбекқызы
Кафедра түлектері мына бағыттар бойынша жұмыс істей алады:
- теле және радиожүргізушілер;
- бизнес-журналистика;
- БАҚ менеджері;
- продюсер;
- жарнама агенті;
- паблик-рилейшнз;
- компаниялар мен корпорациялардың баспасөз қызметі.
Баспасөз және баспа ісі кафедрасы 1998 жылы құрылған.
Оның ұйымдастырылуына ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ақселеу Сланұлы Сейдімбек үлкен үлес қосты.
Кафедраны PhD докторы Шүрентаев Амангелді Мейрамұлы басқарады.
Кафедра мына салалар бойынша:
- газеттер мен журналдардың тілшілерін;
- ақпарат агенттіктері мамандарын;
- БАҚ әдеби қызметкерлерін;
- БАҚ редакторларын;
- мерзімді басылымдардың техникалық редакторларын;
- жарнама агенттерін;
- кітап ісінің менеджерлерін даярлайды.
