
ФАКУЛЬТЕТ ТАРИХЫ
Бүгінгі күні Журналистика және әлеуметтік ғылымдар факультеті құрамында баспасөз және баспа ісі, телерадио және қоғаммен байланыс, әлеуметтану, философия, дінтану және психология кафедралары бар.
Факультетті филология ғылымдарының кандидаты, доцент Нұржан Қуантайұлы Қуантаев басқарып келеді.
Факультет оқытушыларының құрамына ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, ҚР ҰҒА ЖМ академигі, Қазақстан Журналистер академиясының 4 академигі, 12 ғылым докторы, 24 ғылым кандидаты, 5 PhD докторы, 8 ҚР БҒМ «Үздік ЖОО мұғалімі» грантының иегерлері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, 5 Қазақстанның мәдениет қайраткері, 2 білім беру ісінің қызметкері жұмыс істейді.
Факультет тарихы 1994 жылы университеттің филология факультетнің құрамында «журналистика» мамандығы болып ашылғаннан бастап негізі қаланды. Бұл бастама қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі қызметін Д. Қамзабекұлы атқарып жүргенде қолға алынды.
1998 жылдың 25 мамырында Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ ректорының бұйрығымен ф.ғ.д., профессор А.К.Құсайынов «Журналистика» кафедрасын ашты. Кафедраның меңгерушісі қызметін сол кездегі ф.ғ.к., доцент Р. А. Нуртазина атқарды. Келесі жылдары кафедраны Кейінгі жылдары кафедраны танымал мамандар, ғалымдар басқарды: ф.ғ.д., профессор А. С. Сейдимбек, ф.ғ.д., профессор А. Ж. Шәріп, ф.ғ.к., доцент А. О. Есдаулетов, ф.ғ.д., профессор С. Н. Негимов, ф.ғ.к., доцент Р. Ш. Нуриден, ф.ғ.к., профессор Қ. Ө. Сақ.
Кафедраның алғашқы профессор-оқытушылар құрамына: филология ғылымдарының кандидаты: Р. А. Нуртазина, А. К. Ишанова, Г. Ж. Болатова, С. К. Кисимов, М. Б. Шындалиева, М. Б. Амалбекова, Б. Ж. Жамишева, аға оқытушылар: А. Тасымбеков, И.К. Курмангалиев, лаборант Г. Алисжанова енді.
Кафедрадан түлеп ұшқан шәкірттер кәсіби биіктерден көрініп, ақпарат саласының әр түрлі бағытында жоғары нәтижелер көрсетіп жүр: Р. Кажибаева – ҚР премьер-министрі баспасөз қызметінің жетекшісі, Г. Тополева – «Хабар» агенттігінің продюссері, С. Тумакова –газеты «Аргументы и факты» газетінің корреспонденті, А. Тоқаева – Прагадағы «Свобода» радиосының қызметкері, А. Шакирова президент әкімшілігінің баспасөз қызметін басқарған, Д. Мельников – «Білім және ғылым» журналының редакторы, А. Мұқанова – «Казахстанская правда» басылымы жаңалықтар бөлімінің редакторы, М. Шиманский –«Казахстанская правда» халықаралық жаңалықтар бөлімінің редакторы, А. Жаксылыкова, Е. Минкевич –«Қазақстан» ТРК, О. Журкевич, Г.Мукушева –«Астана» телеарнасы, Н. Мусина –«Евразия» телеарнасы, Г. Касымова – «Астана» радиосының қазақ бөлімі, В. Васильченко – «Интерфакс-Қазақстан», С. Моисеев, Г. Тогжан – «Астана» телеарнасы, Байғалиев А. –ҚР Президентінің баспасөз қыметінде жұмыс істеуде. Ж. Секербаева, А. Татиева, Д. Бисембина, А. Серикпаева сынды бітірушілер журналистика мамандығы бойынша магистрлік білімін шет елде жалғастырып келді.
2009 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Ғылыми кеңестің шешімімен Журналистика кафедрасы қайта құрылып, оның негізінде Телерадио және қоғаммен байланыс және Баспасөз және баспа ісі кафедралары құрылды. Баспасөз және баспа ісі кафедрасын ф.ғ.к., ЕҰУ прфессоры Қ. Ө. Сақ, ал «Телерадио және қоғаммен байланыс» кафедрасын белгілі тележурналист, публицист, қоғам қайраткері Ғ. М. Шалахметов басқарған болатын.
