
ЖЕТІСТІКТЕР
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ректорының 2019 жылғы 19 қарашадағы №1883-п бұйрығымен ашылған «8D032 – Журналистика және ақпарат» кадрларды даярлау бағытындағы «6D050400 – Журналистика» мамандығы бойынша диссертациялық кеңес өз жұмысын бастады. Елімізде тұңғыш сала мамандарынан құрылған диссертациялық кеңесте алғаш болып факультетіміздің докторанты Алма Сайлауқызы өз диссертациясын сәтті қорғап шықты.
Кафедраның түлектері мансаптық биіктіктерге жетті, ақпараттық кеңістіктің түрлі салаларында өз кәсібилігін көрсетуде:
Р. Қажыбаева – ҚР премьер-министрі баспасөз қызметінің жетекшісі, Г. Тополева – «Хабар» агенттігінің продюсері, С.Тумакова – «Аргументы и факты» газетінің, А.Токаева – Прагадағы «Свобода» радиосының корреспонденттері, А. Шакирова президент әкімшілігінің баспасөз қызметін басқарады, Д. Мельников –«Наука и образование» журналының редакторы, А. Муканова – «Казахстанская правда» газеті жаңалықтар бөлімінің редакторы, М. Шиманский – «Казахстанская правда» газеті халықаралық бөлімінің редакторы, А. Жаксылыкова, Е. Минкевич – «Қазақстан» ТРК, О. Журкевич, Г.Мукушева – «Астана» телеарнасы, Н. Мусина – «Еуразия» телеарнасы, Г.Қасымова – «Астана» қазақ радиосының редакциясы, В. Васильченко – «Интерфакс-Казахстан», С. Моисеев, Г. Тогжан – «Астана» телеарнасы, Байғалиев А. – ҚР Президентінің баспасөз қызметі. Ж. Секербаева, А. Татиева, Д. Бисембина, А. Серикпаева сынды түлектер шетелде журналистика мамандығы бойынша магистрлік білім алды.
