
Материалдық-техникалық база
Материалдық-техникалық база
Дінтану кафедрасында материалдық-техникалық, адами ресурстар жеткілікті түрде қамтылып, көрсетілген. Аталған материалды-техникалық жағдай білім беру бағдарламаларын толыққанды іске асыруға мүмкіндіктер беріп отыр. Зертханалардың құрылымы, құрамы мен техникалық ресурстарының саны білім беру бағдарламалары мен жұмыс оқу жоспарларын анықтауға, мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарына сәйкес оқу үдерісін және университеттің барлық процестері мен жарғылық іс-шараларын міндетті түрде сапалы жүзеге асырумен, пәндердің оқу жоспары, оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарлары түріндегі құжаттармен анықталады. Білім беру процесінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін оқу-аудиториялық, компьютерлік, техникалық оқу құралдарымен жабдықталған мультимедиялық кабинеттер қолданылады.
«6В02206- Дінтану» , «7М02206 – Дінтану», «7М02207- Дін психологиясы» , 8D02206 – Дінтану», БББ бойынша білім беру процесі А.Янушкевич 6 мекен-жайындағы, ЕҰУ-нің №4 оқу корпусында іске асырылады.
Білім алу процесінде кафедра үшін оқу корпусының 2 аудиториясы қолданылады. Кафедраның материалдық-техникалық базасы үнемі жаңартылып, жетілдіріліп, кеңейтіліп отырады. Кафедра тарапынан түскен өтінімдерге сәйкес университет жаңа жабдықтар сатып алады және ескі техника мен технологияны жаңартып жөндетеді. Қажеттілік туындаған жағдайда оқу үдерісіне керекті және белгіленген стандарттарға сәйкес көрнекілік құралдар мен компьютерлік техникалар ауыстырылады, жиһазбен жабдықтау өз кезегінде жаңартылады.
