
8D03103 «Психология» білім беру бағдарламасы бойынша диссертациялық зерттеуін сәтті қорғаған Кутебаев Талғатты құттықтаймыз!

Диссертациялық зерттеудің тақырыбы: «Тұлғаның күшті жақтары және қаржы қызметкерлерінің стресс-менеджменті: позитивті-психологиялық тәсіл».
Ғылыми жұмыс қазіргі психологияның өзекті мәселесіне – тұлғалық ресурстарды және оларды қаржы саласы қызметкерлерінің стрессті тиімді басқаруы үшін пайдалану мүмкіндіктерін зерттеуге арналған. Зерттеудің ерекше маңыздылығы позитивті психология қағидаларына жүгінуімен айқындалады. Бұл тәсіл тұлғаның күшті жақтарын тек жеке сипаттамалар ретінде ғана емес, сонымен қатар кәсіби тұрақтылықтың, психологиялық әл-ауқаттың және стресстік жүктемелерді тиімді еңсерудің маңызды ресурсы ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.
Ғылыми жетекшілік пен кеңес беру отандық және шетелдік мамандардың қатысуымен жүзеге асырылды:
Отандық ғылыми консультант – психология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор м.а. Уталиева Ж. Т.
Шетелдік ғылыми консультант – PhD, Миннесота университетінің (University of Minnesota) профессоры.
Талғат Кутебаевтың ғылыми қызметіндегі маңызды нәтижелердің бірі – жарияланымдық белсенділігі. Зерттеу нәтижелері халықаралық Scopus деректер базасында индекстелетін басылымдарда жарияланған үш ғылыми мақалада көрініс тапты.
Жүргізілген зерттеу отандық психологиялық ғылым мен практиканың дамуына үлес қосып, кәсіби стресстің алдын алуда тұлғалық ресурстардың рөлі және қаржы саласының мамандарында тиімді стресс-менеджментті қалыптастыру туралы түсініктерді кеңейтеді.
Талғат Кутебаевты диссертациялық зерттеуін сәтті қорғауымен, ғылыми жетістігімен және көп жылғы зерттеу жұмысының лайықты нәтижесімен құттықтаймыз!
Оған алдағы ғылыми қызметінде толағай табыстар, жетекші халықаралық басылымдарда жаңа ғылыми мақалалардың жариялануын, кәсіби мойындалуын және перспективалы зерттеу жобаларының жүзеге асуын тілейміз!
