
ЕҰУ 30 жылдығына арналған "Qaton-Qaragai Trail - 2026" жарысы

2026 жылдың 6 шілдесінде Шығыс Қазақстан обылысында жаяу жүгіруден Еуразия ұлттық университетінің 30 жылдығына арналған "Qaton-Qaragai Trail" жарысы өтті. Бұл спорттық іс-шара қатысушыларды салауатты өмір салтына бағыттап, жүгірудің ең қызықты түрін трейлраннингті насихаттауды мақсат етеді. Жарысты ұйымдастырушылар Катонқарағай ауданының әкімдігі, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ социология кафедрасы мен «El Sport» республикалық қоғамдық бірлестігі, жарыстың демеушісі Kaz Minerаls Тобы.
Катонқарағай ауылының маңында өткен 5 км., 10 км. және 20 км. жарыс трейлраннингтен әуесқойлар мен жүгірудің шеберлері күш сынады.
Жарысқа қатысушылар Катонқарағай Ұлттық парктің «Сарымсақты» маршрутын бойлап орман арасымен жүгірді.
Жарысқа өтінім берген екі жүзге жуық спортшылар арасында халықаралық және республикалық жарыста жеңімпаз болған желаяқтар бар, олар Астана, Алматы, Өскемен, Көкшетау, Семей, Қарағанды қалаларынан, Шығыс Қазақстан облысының аудандарынан келді. Жарысқа қатысушылар арасында ЕҰУ студенттері мен ОПҚ өкілдері болды.
Желақтар жастар санаты бойынша, әйелдер мен ерлер арасында марапатталды. Оларға Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 30 жылдығына байланысты сыйлықтары табысталды.
