
Психология кафедрасының қауымдастырылған профессоры А.Р. Мандыкаева Республикалық ғылыми - тәжірибелік конференцияның пленарлық отырысында баяндама жасады.



Қазақстан Республикасы Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Заманауи ауыл мектебі контексінде оқушылардың сыни ойлауы мен эмоциялық интеллектісін дамыту: теория, тәжірибе, нәтиже» тақырыбында Республикалық ғылыми - тәжірибелік конференциясында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің Журналистика және әлеуметтік ғылымдар жоғары мектебі, психология кафедрасының қауымдастырылған профессоры, пс.ғ.к. А.Р. Мандыкаева пленарлық отырысында «Мектеп оқушыларының эмоциялық интеллект деңгейі және оның оқу мотивациясымен байланысы» тақырыбында баяндама (онлайн форматта) жасады. Конференцияның мақсаты: ауыл мектептерінің басшылары мен педагог-психологтарының зерттеу мәдениеті мен көшбасшылық қасиеттерін дамыту. Конференция барысында жалпы білім беретін мектеп жағдайында оқушылардың сыни ойлауы мен эмоциялық интеллектісін дамытудың тиімді тәжірибелерімен алмасып, өзекті мәселелерді талқылап, шешу жолдарын қарастырылды. Қатысушылардың кейбір басшылары мен психолог мамандары Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің «Психология» мамандығының магистратура және докторантура бөліміне оқуға түсуге ниеттерін білдірді.
