
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде жасанды интеллектің болашағы талқыланды

Университеттің 30 жылдығы мен Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында «Жасанды интеллект: ғылым мен мемлекеттік саясатты дамытудағы рөлі» атты халықаралық ғылыми форум ұйымдастырылды. Ғылым мен технология тоғысқан бұл алаңда ЖИ-дің заманауи мемлекетті басқарудағы стратегиялық маңызы мен этикалық қырлары жан-жақты талқыланды.
Форумның негізгі бағыттары:
- AI governance: Жасанды интеллектіні институционалдық деңгейде басқару.
- Этика және құқық: Алгоритмдік жауапкершілік пен деректерді қорғау мәселелері.
- Цифрлық трансформация: Мемлекеттік басқарудың жаңа модельдерін енгізу.
Форумға ҚР Парламенті мен министрліктер өкілдерінен бөлек, әлемнің жетекші оқу орындарының профессорлары Генри Дженкинс (АҚШ, USC), Натали Хельбергер (Нидерланд), Эмилиано Трере (Ұлыбритания) қатысты. Сондай-ақ Назарбаев университеті, ММУ және Валенсия университетінің ғалымдары өз тәжірибелерімен бөлісті.
Форум соңында академиялық ұтқырлықты арттыру және ЖИ саласы бойынша білікті кадрлар даярлау мақсатында халықаралық серіктестікті нығайту жоспары қабылданды.
