
«Шоқан Уәлихановтың ағартушылық және жазушылық қызметі» тақырыбында ашық сабақ өтті
SMART.ENU
11.03.2026 25





«Халықаралық журналистика» білім беру бағдарламасының 2-курс магистранты Айжан Шотан «Шоқан Уәлихановтың ағартушылық және жазушылық қызметі» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында Шоқан Уәлихановтың жүріп өткен жолдары маршруттық карта арқылы көрсетіліп, жеке-жеке талданды. Әрбір топ тапсырманы Шоқанның ағартушылық, зерттеушілік , жазушылық, саяхатшылық тұрғысынан бақылап, зерттеді. Жауап магистранттың және Шоқан Уәлихановтың жасанды интеллект арқылы жасалған бейнесімен тексеріліп отырды.
Іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне ғылыми жетекші Қайрат Өмірбайұлы мен пән оқытушысы Гульзабира Абикеновнаның ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылығы негіз болды.
Бөлісу:
